Абай облысында қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандар сенбілікке шықты

Тазарту күні қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар сенбілікке шықты.
Сотталғандар қажетті құрал-жабдықтар мен қоқыс жинайтын дорбаларын алып, тазалау үшін мекеме аумағына шықты. 200-ден астам адам тұрмыстық қоқыстарды, былтырғы жапырақтарды, пластик пен қағаз қалдықтарын жинады.
-Еңбек адамды күшейтеді, ал тазалықта өмір сүруге деген ұмтылыс екі есе артады. Сенбілік — бұл аумақты абаттандыру және тазарту жөніндегі іс-шара ғана емес, сонымен қатар қоғамдық рухты көтерудің тамаша тәсілі, — деді бастықтың орынбасары Серік Жанғасканов.
Мұндай іс-шараға сотталғандардың өздері бастамашылық еткені атап өтілді. Бұдан былай мұндай сенбіліктер жақсы дәстүрге айналады.

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...