Абай облысындағы ҚАЖД №21 мекемесінде ерекше жаңа жылдық шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі макқсаты сотталғандар үшін жаңа жылдық көнілді қуаныш атмосферасын құру, сондай-ақ олардың әлеуметтік оңалту процесінде рухани-адамгершілік жаңғыруына қолдау көрсету болды. Мерекелік атмосфераны қардан жасалған фигуралар және түрлі-түсті шамдар мен сәндік элементтер құрады.Мерекелік бағдарлама әртүрлі ойындардан, қабырға газетінің байқауынан тұрды. Мерекелік бағдарламаның соңы Аяз атамен Ақшақардың шығуы болды. Осындай мерекені қолдап, қөтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін қлалалық мәдениет сарайынан өнерпаздар келіп құттықтауларын білдірді. Сондай-ақ шараға белсене қатысқан сотталғандарды мекеме әкімшілігі көтермелеп, мерекені одан әрі есте қаларлық етті.