Абай облысында пробация есебіндегі азаматтар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Көкпекті аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ оларды қоғамға бейімдеу және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
Турнирге 20-ға жуық азамат қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар ойын барысында жоғары белсенділік танытып, стратегиялық ойлау, сабырлылық пен ұқыптылық қасиеттерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, оларға арнайы дипломдар табысталды.
–Мұндай зияткерлік сайыстар азаматтардың тұлғалық дамуына және қайта әлеуметтенуіне оң әсер етеді. Шахмат ойыны адамды әр қадамын саралап жасауға, жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді. Осындай шаралар пробация есебіндегі азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың өмірлік ұстанымдарын қайта қарауына, қоғамға бейімделуіне және оң өзгерістерге ұмтылуына мүмкіндік береді, – деді Көкпекті аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Дамир Айдаров.
Айта кетейік, пробация қызметі сотталған азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, әлеуметтік бейімделуіне және олардың қайта қылмыс жасауының алдын алуға бағытталған түрлі тәрбиелік, мәдени және спорттық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...