Абай облысында мекеме қызметкерлері марқұм болған ҚАЖ ардагерінің қызын мектепке жинады

Абай облысында қауіпсіздігі төмен мекемесінің қызметкерлері игі бастама көтеріп, марқұм болған бұрынғы басшысы Рахимжанов Адлет Мусратұлының қызын жаңа оқу жылына дайындауға ат салысты.

Мекеменің бұрынғы басшысы Адлет Мусратұлы құқық қорғау саласында 21 жыл қызмет еткен. Ол төрт жыл бұрын жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болып, артында жұбайы, ұлы және кәмелетке толмаған қызын қалдырған еді. Бұрынғы әріптестері оның кәсіби жетекшілігін, адами қасиеттерін ұмытпай, қиын сәтте отбасына қолдау көрсетуге шешім қабылдады.

Олар ардагердің қызына жетіспей тұрған мектепке баруға қажетті заттарын сатып алуға көмектесті. Қыз бала биыл мектепте келесі сыныпқа өтті.

— Ол кісі әрқайсымыз үшін дәл осылай жасаған болар еді, — дейді мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков. — Ол жай ғана басшы емес, нағыз адам болатын. Оның отбасына көмектесу — біздің борышымыз және оны жақсы еске алудың бір жолы.
Қыздың анасы мекеме ұжымына көрсеткен қамқорлықтары мен қолдауы үшін алғыс білдірді:
— Бұл жай ғана материалдық көмек емес — бұл өмірді жалғастыруға күш беретін моральдық қолдау. Баршаңызға жүрегімнен алғыс айтамын, – деді анасы.

— Алдағы құқық қорғау қызметіне қабылданатын кандидаттардың келесі легімен бастапқы дайындық курсына оқуға түспекпін. Әкемнің жолын жалғастырғым келеді. Мекеме ұжымының біздің отбасымызға әлі күнге дейін қамқорлық танытып жүргеніне мақтанамын, — дейді марқұмның ұлы Азамат Мусратов.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...