12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Абай облысында алаяқтық жасаған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлімшесінің қызметкерлері Абай облысы Полиция департаментінің кибер-қылмыстармен күрес басқармасының жедел уәкілі Асет Егеубаевпен бірлесіп, интернет-ресурстарды пайдалану арқылы алаяқтық пен терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратудың алдын алу және жолын кесу мақсатында сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізді. Орташа қауіпсіздік мекемесінде қазіргі таңда алаяқтық жасағаны үшін 90-ға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олар, негізінен 25 пен 30 жас аралығындағы азаматтар, жаза мерзімдері – екі жылдан алты жылға дейін, қылмыстың ауырлығына байланысты.Мысалы 23 жастағы Абай облысының тұрғыны 13 жерлесін жалпы сомасы 13 миллион теңгеге алдап соққан. Ол отандастарына криптовалютаға ақша салып, табыс табуға болады деп уәде беріп, олардың атына микрокредиттік ұйымдардан несие рәсімдеген. Алайда, ақшаны алғаннан кейін салымшылар оны қайта көрмеген. Сот үкімімен ол үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Мұндай қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандар бізде жиі кездеседі. Бүгін біз сотталғандарға қайталап қылмыс жасаған жағдайда олар қандай жауапкершілікке тартылатынын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы көрсеттік. Бұл – жазаның қатаңдатылуы мен мерзімнің ұзартылуы болуы мүмкін, – деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлімішесінің аға жедел уәкілі Алмас Толеуов.

Үстел теннисінен арнайы контингент арасында турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД #20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан...

Проведен турнир по настольному теннису среди специального контингента

Совместно с осужденнымми отбывавающими наказания в учреждении #20 ДУИС...

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...