Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері болашақ заңгерлермен кездесті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі әйелдер колониясының қызметкерлері бос лауазымдарды толықтыру мақсатында Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University құқықтану факультетінің 4-курс студенттерімен өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің негізгі бағыттары, саладағы еңбек ерекшеліктері, әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтік мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттерге құқық қорғау саласындағы қызметтің жауапкершілігі, кәсіби біліктілік талаптары және жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.

Кездесу аясында болашақ заңгерлер мамандыққа қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тәжірибелі қызметкерлерден нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жас мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға, олардың кәсіби бағдарын айқындауға және қылмыстық-атқару жүйесіне білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.
«Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесіне білікті, жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал мамандар қажет. Осындай кездесулер арқылы біз студенттерге қызметтің қыр-сырын таныстырып, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеміз. Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады», – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...