Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында төрт баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына барды. Үлкен баласы 10 жаста, екіншісі — 9, үшіншісі — 8 жаста, ал кенже баласы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады.

Мекеме қызметкерлері бұл отбасымен жақсы таныс. Әйелдер колониясы шағын ауылда орналасқандықтан, мұнда көптеген тұрғындар бір-бірін жақсы біледі. Мекеме қызметкерлерінің басым бөлігі — әйелдер, олардың көпшілігі өздері де ана және қазіргі уақытта балаларын жаңа оқу жылына дайындап жатыр. Сондықтан олар төрт баланы бірден мектепке дайындау, әсіресе отбасы бюджеті шектеулі болған жағдайда, қаншалықты қиын екенін жақсы түсінеді.

Колония қызметкерлері төрт баланың анасын ақжарқын әрі мейірімді жан ретінде таниды. Өмірдің қиындықтарына қарамастан, ол әрдайым жерлестеріне қолдау көрсетуге тырысады және біреуге көмек қажет болса, шет қалмайды.

Көпбалалы отбасы төрт балаға бірден мектепке қажетті заттарды сатып алуы керек екенін білген қызметкерлер оған қолдау көрсетуді ұйғарды. Акция аясында олар қажетті кеңсе тауарлары мен мектепке керек басқа да заттарды сатып алып, балалардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен бастауына жағдай жасады.

— Жыл сайын балаларды мектепке дайындау біздің отбасымыз үшін үлкен сынақ болатын. Балаларға қажетті барлық заттарды сатып алу үшін туыстарымыздан қарыз алуға тура келетін, кейін оны біртіндеп қайтарушы едік. Биыл мекеме қызметкерлерінің арқасында мектепке қажетті заттарды алуға қаражатымыз жете ме деп алаңдаудың қажеті болмады. Оларға көрсеткен көңілі, қолдауы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Енді балаларымның оқуына қажетті барлық заттары бар, біз жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен қарсы алуға дайынбыз, — деді төрт баланың анасы.

— Біздің мекеме қызметкерлерінің басым бөлігі — әйелдер мен аналар. Сондықтан баланы мектепке дайындау үшін қаншама күш пен қаражат қажет екенін жақсы түсінеміз. Ал отбасында төрт бала болса, бұл міндет одан сайын жауапты бола түседі. Біз акцияға жай ғана қатысып қоймай, отбасыға нақты көмек көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына үлес қосуды қаладық. Көпбалалы отбасыларға қолдау мен көңіл бөлу ерекше маңызды деп санаймыз. Өйткені балаларға деген қамқорлық — олардың болашағына қосылған үлес. Мұндай акциялар отбасыларға материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, өзара көмек, мейірімділік пен адамгершіліктің маңыздылығын еске салады. Балалар үшін жаңа оқу жылы жағымды қарбаластан басталады, ал бейжай қарамайтын жандардың қолдауы бұл кезеңді одан әрі жарқын әрі қуанышты етуге көмектеседі, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...

Сот тауартану сараптамасының мүмкіндіктері

Сот тауартану сараптамасы сот сараптамаларының маңызды түрлерінің бірі болып...