Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде арнайы есеп бөлімі қызметінің қорытындысы шығарылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде есептік кезеңдегі арнайы есеп бөлімінің қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылды.
Жыл ішінде бөлім қызметкерлері екі мыңнан астам сотталғанның жеке ісін өңдеген. Бұл жеке құрамның жоғары кәсіби даярлығын, жауапкершілігін және ұйымдастырушылық қабілетін айғақтайды. Қазіргі таңда арнайы есеп бөлімінде алты әйел адамдар қызмет атқарады. Олар өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындап, жоғары атқарушылық тәртіп пен тұрақты кәсіби ынтаны көрсетіп келеді.

Арнайы есеп бөлімінің қызметі есептік құжаттаманың дәлдігін қамтамасыз етуде, белгіленген талаптарды сақтауда және мекеменің үздіксіз жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Атқарылатын жұмыстардың көлемінің көптігіне қарамастан, барлық тапсырмалар сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалды.

Мекеме бастығы Аслан Нұрбеков арнайы есеп бөлімінің ұжымына қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс білдіріп, бөлімшенің мекеменің тұрақты әрі үйлесімді жұмысын қамтамасыз етудегі үлесін атап өтті.

— Қызметкерлердің жоғары жауапкершілігі, қызметтік тәртібі мен кәсіби көзқарасы екі мыңнан астам сотталғанның жеке істерін уақтылы әрі сапалы өңдеуге мүмкіндік берді. Еңбегіміздің жоғары бағаланғаны үшін мекеме басшылығына алғысымды білдіремін, — деп атап өтті арнайы есеп бөлімінің бастығы Мадина Нұрымбетова.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...