Абай облысы ҚАЖД қарасты №19 мекемесінің жасақтар бастығы донор болды

«Жасақ бастығы күні» мерекесі қарсаңында №19 мекемесінің қызметкерлері «Мен донормын» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға шешім қабылдады.
15 қызметкерден тұратын «Абай облыстық қан орталығының» қызметкерлері болашақ донорларды қарап, жалпы денсаулықтарын тексерген соң, мекеменің 10 қызметкеріне қан тапсыруға рұқсат берді. Науқан барысында қызметкерлер қан орталығының қызметкерлерінен осы уақытта бес жасар балаға қан құюды қажет ететінін, оның сирек кездесетін қан тобы иесі екендігін білді. Қызметкерлердің бірінің қаны донор болу үшін барлық талаптар бойынша сәйкес келді. Баланы емдеуге көмектесетінін білген ол аппараттық цитаферез процедурасын өз ықыласымен жасады, осылайша балаға қажетті қан көлемін толықтырды.
«Бүгін жасақ бастығы күнін мерекелеу қарсаңында біз адамдарға емделуге көмектесуді жөн көрдік. Олар айтқандай, біз қажетті уақытта керек жерде болдық. Бүгін біз өз іс-әрекеттерімізбен балаға және қиын жағдайда қалған басқа адамдарға көмектескенімізге қуаныштымын және біз өз үлгімізбен қан донорларының қатарына барынша көп азаматтарды тартқымыз келді», — деп бөлісті жасақ бастығы Айдын Увайсов.
«Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қызметі, адам өмірі мен денсаулыққа қауіпі бар, сондықтан нысанды киім киген адамдар донорлықтың қажеттілігін жақсы түсінеді», — деп атап өтті тәрбие бөлім бастығы Асхат Керімханов.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...