Абай облысы бойынша ҚАЖД № 21 мекемесінде  «Ашық есік күні» іс- шарасы өткізілді

               2025 жылдың 08 ақпанында Абай облысы бойынша ҚАЖД № 21 мекемесінде САТжӘПЖБ қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен жаза өтеушілердің туған-туыстарымен кездесуіне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, өткізілді. Шараға келген сотталғандардың туыстары тек жақындарымен ғана кездесіп қойған жоқ, сотталушылардың жатын бөлмесін, жұмыс істейтін орындарын, тамақтану орны асхананы, бос уақытын өткізетін кітапхананы және ұзақ мерзімді кездесу бөлмесін аралап, мекеменің тұрмыс-тіршіліімен танысты.

          Бас бостандығынан айырылған азаматтар мен азаматшалар үшін «Ашық есік» күнінің маңызы өте зор, себебі басына іс түсіп, сотталған әр азаматтың психологиялық жай-күйі құбылмалы болатындықтан оларға жағымды көңіл күй сыйлайтыны анық.

          Ашық есік күнінің жоспарға сай, белгілі бір күндерде өтіп тұруы сотталғандар үшін де, олардың туған туыстары үшін де жасалып отырған ізгі іс- шаралардың бірі десек қателеспейміз – деді, мекеме психологы Әсемгуль Оразбаева.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...