Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлерін аралап, құрмет көрсетті

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу — қанымызға сінген үрдіс. Атаулы мерекелер мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында №20 мекеме қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері А.Г. Атавин, А.Д. Каймолдин және Е.Краснянскаяның шаңырағына арнайы ат басын бұрып қарияларды мерекемен құттықтады. Мекеме ұжымының ыстық ықыласқа толы сәлемін жеткізіп, сый-сыяпат табыстады. Өз кезегінде ардагерлер қиын кезең туралы, шайқастың сұрапыл сәттері жөнінде және жеңіс оқиғаларымен бөлісті. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл енбеккерлері де жеңіске өз үлестерін косты. Олар Майданды қару — жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрілермен, отынмен, сондай-ақ азық-түлікпен жене киіммен камтамасыз етті.

“Бақыт үшін көп нәрсе қажет емес, тек қамкорлық. Кұрмет-ардагерлер үшін ең жақсы сый. Шынында да, дәл осындай сәттерде адам өзінің көп жылдық және қиын еңбегінің лайықты бағаланғанын түсінеді”, — дейді ардагерлер.

“Батырлар ұрпағына көңіл бөлу, олардың еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесін есте сақтау — біздің парызымыз, — деп атап өтті Ерсін Ахметжанов. Ардагерлер конақтарға қызметте сәттілік пен шыдамдылық тілеп, білдірген құрметтері үшін алғыс
айтты.

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...