Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің әйелдер колониясындағы 40-тан астам жазасын өтеушілер маммографиядан өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің әйелдер колониясындағы 40-тан астам сотталған әйел сүт безі скринингінен- маммографиядан өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде » халықтың нысаналы топтарына жаппай профилактикалық медициналық қарап-тексерулер немесе скринингтік зерттеулер жүргізу көзделген, оны жүргізудің негізгі мақсаты ауруларды ерте сатыларда анықтау және аурулардың, туындауына ықпал ететін қауіп факторларының дамуының алдын алу, халықтың денсаулығын нығайту және қалыптастыру болып табылады.

Жыл басынан бері Абай облысының әйелдер колониясында 40-70 жас аралығындағы 40-тан астам сотталушы әйел сүт безі обырын анықтау үшін кезекті жоспарлы медициналық скринингтен өткізілді.
Сондай-ақ, скринингтен өту кезінде әрбір сотталған әйел маммолог-дәрігерден қажетті тегін кеңес ала алды.
Осындай іс-шаралардың арқасында сотталған әйелдер аурудың алдын алып, қажетті емдеуді уақтылы ала алады, өйткені уақтылы диагноз қою толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады.

«Мекеме қызметкерлері мен медициналық қызметкерлердің арқасында барлық сотталғандар скринингтен өту үшін аудандық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлайды мекеме бастығының орынбасары Ернат Байжуменов.

Сотталғандардың айтуынша скринингтен өту үшін ауруханаға баруға сан түрлі себеппен және мүмкіндіктері болмаған. Мұның себебі қорқыныш, кезекте отыруға деген құлшыныс және уақыттың болмауының себебі. Ал қазір мекеме қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді іс — қимылдарының арқасында бәрі тез әрі қиындықсыз өтті, — деп мойындады сотталғандар.

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...

Обеспечение безопасности туристов 

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ОЗЕРА АЛАКОЛЬ С УЧАСТИЕМ АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ...