Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментімен № 23 мекемеде «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық» мамандарымен кездесу ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері «АИТВ – инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың» мамандары Раушан Рахметова және Диляра Тукеевамен бірге Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінде оқыту-ағарту іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты жеке құрамды және сотталғандарды АИТВ – инфекциясының алдын алумен таныстыру, арнайы контингент арасында АИТВ – мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алумен байланысты маңызды аспектілер қозғалды.
АИТВ жұқтырған әйелдер үшін инфекцияның әртүрлі аспектілері бойынша ең өзекті мәселелер талқыланды, жеке қабылдаулар өткізілді. АИТВ- инфекциясымен ауыратын әйелдердің бірі қуанышымен бөлісті — ол жақын арада босатылатының айтты, соған орай босатылғаннан кейін тұрғылықты жерінде диспансерлеу және емдеуді жалғастыру мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарына жауап алды. ЖИТС орталығының мамандары терапияны жалғастыру үшін келген кезде қайда бару керектігін нұсқады.
Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар), жеке қорғау құралдары таратылды. 250-ден астам адам қамтылды, — деп хабарлайды Абай облысы бойынша ҚАЖД МСЭҚТ бас маманы-санитариялық дәрігері Маржан Оразбаева.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...