Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың әйелдер колониясында психолог-ойын практиктері «Сенің түпсанаңның сиқыры» атты трансформациялық ойынды өткізді

         Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясында «Сенің түпсанаңның сиқыры» атты трансформациялық ойын форматында психологиялық іс-шара өтті. Іс-шараны мекеме психолог-ойын практиктері Жағалбаева Салтанат Панабековна және Сәмеңова Сәуле Қуатқызы жүргізді. Қатысушылар қатарында мекеме қызметкерлері мен сотталған әйелдер болды.
           Ойынның негізгі мақсаты — өзін-өзі тануды дамыту, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру, позитивті ойлауды жетілдіру, сондай-ақ ішкі нанымдар мен тұлғалық ресурстармен жұмыс жүргізу болды. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің өмірлік құндылықтарын түсінуге, эмоционалдық жағдайларын саралауға және жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмаларды орындады.
            Психологтар мұндай ойын форматтары ішкі күйзелістермен жұмсақ әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін, мазасыздық деңгейін төмендетіп, өзіне және айналаға деген сенімді арттыратынын, сондай-ақ сотталған әйелдердің өз өмірлік жағдайына жаңа көзқараспен қарауына ықпал ететінін атап өтті.
          — Мен үшін бұл ойынға қатысу өте маңызды тәжірибе болды. Мен алғаш рет өз әрекеттерім туралы және олардың өміріме қалай әсер еткенін терең ойлана бастадым. Бір сәтте өз қателіктерімді өзіме ашық мойындауға болатынын, бірақ сонымен бірге бәрін өзгертуге әлі де мүмкіндік бар екенін сезіндім. Мұндай сабақтар үміт пен ішкі тірек береді, алдағы уақытта мүлде басқа, дұрыс өмір сүруге болатынына сенуге көмектеседі, — деді сотталған әйел.
          Мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова психологиялық қолдаудың маңыздылығын атап өтті:
        — Психологиялық қолдау мен заманауи түзету әдістері, соның ішінде трансформациялық ойындар, мекемедегі тәрбие және оңалту жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Олар әйелдердің өзін-өзі жақсы түсінуіне, ішкі күйзелістермен күресуіне және жаңа өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруына көмектеседі. Біздің міндетіміз — тек ұстау жағдайларын қамтамасыз ету емес, сонымен қатар тұлғалық дамуға, өмір жолын қайта пайымдауға және болашақта қоғамға бейімделуге мүмкіндік жасау. Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға, моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға және тәрбиелік-психологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді, — деді Ақмарал Қайранова.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...