12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемесінде қысқы киім үлгісіне арналған саптық байқау өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесінде жеке құрамның қысқы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқау өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік тәртіптің жай-күйін және киім үлгісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру болды. Ерекше назар киім нысанын дұрыс киюге, қызметтік куәліктердің болуына және қалтадағы керек-жарақтардың орналасу тәртібіне аударылды.

Мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов қысқы киімге көшу – қыс мезгілінде қызмет атқару барысындағы дайындықтың маңызды бөлігі екенін атап өтті:

— Қысқы киім қызметкерлерге тек жинақы әрі ұқыпты сыртқы көрініс беріп қана қоймай, төмен температура жағдайында да ыңғайлы қызмет атқаруға мүмкіндік береді. Бұл жеке құрамның тәртібі мен тапсырмаларды орындауға дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұруға ықпал етеді.

Саптық байқау барысында, сондай-ақ қызметкерлердің және техникалық құралдардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы тексерілді. Басшылық қызметтік аумақта тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтау, ғимараттар мен жабдықтардың жағдайына тұрақты бақылау жүргізу қажеттігін атап өтті.

Саптық байқаудың өткізілуі Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 19 мекеме қызметкерлерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы мен жауапкершілігін көрсетті.

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...