Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері Жаңғызтөбе кентінде өткен Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кент тұрғындары, жастар және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қатысып, соғыс жылдарында ерлік пен жанқиярлық танытқан майдангерлерге құрмет көрсетті.
Әйелдер колониясының қызметкерлері үшін бұл естелік шарасына қатысу — ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ардагерлерге алғыс білдіру және қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ету мүмкіндігі болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Жаңғызтөбе кентінен майданға шамамен 300 адам аттанған. Оның 250-ден астамы елге оралса, 50-ге жуық сарбаз әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Іс-шара барысында әйелдер колониясының қызметкерлері басқа қатысушылармен бірге ескерткішке гүл шоқтары мен веноктар қойып, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
— Бұл күн мен үшін ерекше толқынысқа толы әрі өте жеке мәні бар күн болды. 1942 жылы менің атам Сова Александр Семенұлы небәрі 18 жасында дәл осы кенттен майданға аттанған еді. Бүгін осы ескерткіш жанында тұрып, сол кезде осы жерден соғысқа аттанған жас жігіттерді қалай шығарып салғанын ерекше сезіммен елестеттім. Олардың көпшілігі туған жерге оралмады. Бұл жай ғана тарих емес — бұл менің отбасымның жады, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасірет пен мақтаныш. Батырларымыздың ерлігін ұмытпайынша, олар біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүре береді, — деп бөлісті арнайы есеп бөлімінің бастығы Светлана Голикова.
— Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларының рухына әрдайым ерекше құрметпен қарайды. Осындай іс-шараларға қатысу тарихи жадты сақтауға, патриотизм сезімін, жауапкершілік пен аға буынның ерлігіне деген құрметті тәрбиелеуге ықпал етеді. Бізге бейбіт аспан сыйлаған жандарды ұмытпау және сол естелікті келер ұрпаққа жеткізу — біздің парызымыз. Ескерткіштің ашылуы жеңімпаз ұрпаққа деген алғыстың белгісі әрі тарихи жадыны, бірлік пен патриоттық құндылықтарды сақтаудың маңызын еске салатын символ болды, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.


