Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясы қызметкерлері арасында «Тасқын» повесін оқу және талқылау ұйымдастырылды

ҚР ІІМ-нің 2026 жылға арналған идеологиялық жұмыс жоспарына сәйкес, Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері арасында тарихи-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында Қазақстанның көрнекті жазушысы Кемел Тоқаевтың «Тасқын» повесін оқу және талқылау іс-шарасы Жангызтөбе кентінің орталық кітапханасында ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара барысында шығарма мазмұны жан-жақты талқыланып, ондағы отансүйгіштік, адамгершілік, жауапкершілік пен азаматтық ұстаным мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар повестен алған әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз бағаларын беріп, шығарманың тәрбиелік және тағылымдық мәніне ерекше тоқталды.

Талқылау барысында кітап оқудың маңыздылығы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа үлгі болатын өнегелі тұлғалардың өмірі мен еңбегін насихаттау мәселелері де көтерілді.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында тарихи сананы қалыптастыру, патриоттық рухты нығайту және рухани құндылықтарды дәріптеу, – деп атап өтті мекеме бастығы Уалихан Жумашев.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...