Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік күніне орай Семей қаласының Орталық кітапханасы өкілдерінің қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, кітап оқуды насихаттау және мейірімділік, қайырымдылық, өзара көмек пен айналадағы адамдарға құрмет сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу.
Көрме аясында гуманизм, адамгершілік және тұлғалық даму тақырыптарына арналған көркем және танымдық әдебиеттер ұсынылды. Сотталғандар кітаптармен танысып, өзара пікір алмасып, әрі қарай оқу үшін өздеріне қажетті әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік алды.
– Кітап – тәрбиелік ықпалы зор әрі тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құрал. Осындай іс-шаралар сотталғандардың дүниетанымын кеңейтіп, өмірлік құндылықтарды қайта зерделеуге және оң өзгерістерге ұмтылуға көмектеседі, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.
Кітап көрмесінің өткізілуі мекеме мен Семей қаласының Орталық кітапханасы арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың тағы бір көрінісі болып, сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...