АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

2023 жылы күзде Абай еліне арнайы келген Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев болашақ нысанның орнына символикалық капсула салып, құрылыстың басталуына негіз қалаған еді.

Рәсімге Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов, судьялар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Аслан Түкиев Президенттің заң үстемдігін нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа ғимаратта азаматтарға қолайлы жағдай жасалған, ал сот корпусы әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс әкімі Берік Уәли бұл құрылыстың сот инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам екенін және Семей қаласының сәулеттік келбетімен үйлесім тапқанын баса айтты. Облыстық сот төрағасы Қайрат Чакпантаев ғимараттың қаланың қарқынды дамып келе жатқан ауданында заманауи талаптарға сай салынғанын айтты. Ол судьялардың сотқа деген сенімнің артуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. Сот жүйесінің ардагері Кенжеш Мұқашовтың батасынан кейін қонақтар сот залдарын, өзіне-өзі қыз­мет көрсету терминалдары бар фронт-кеңсені, сондай-ақ судьялар, прокурорлар, адвокаттар және медиаторлар кабинеттерін аралап көрді. Бірінші қабатта сот кеңселері, салқындатқышы бар күту залдары, теледидарлар және ақпараттық стендтер орналасқан.

Сапар барысында Аслан Түкиев облыстың сот корпусымен де кездесіп, сот жүйесіндегі реформалардың барысын талқылады.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...