Абай мұрасы – ұлттық рухани қазына: Алматыда арнайы семинар өтті

2025 жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бірлесуімен қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған семинар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтің қатысуымен өтті. Семинардың негізгі мақсаты – Абай мұрасының мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттарымен үндестігін талқылау және мемлекеттік қызметшілер арасында рухани құндылықтарды дәріптеу.

Семинар барысында абайтанушы, әдебиеттанушы Базарбек Атығаев арнайы дәріс оқып, Абай шығармаларындағы адамгершілік, әділдік, білім мен рухани дамуға қатысты айтылған ой-толғамдарға тоқталды. Ол қазіргі қоғам мен мемлекеттік қызмет жүйесінде Абай ілімінің маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға танымды мәліметтер ұсынды.

Сонымен қатар, Базарбек Атығаев өзінің «Қазақ көркем аудармасының бастауы: Абай мектебі» атты авторлық еңбегін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кітапханасына табыстады. Бұл кітап – Абайдың аудармашылық мектебі мен қазақ әдебиетінің аударма саласындағы іргелі бастамалары жайлы зерттеу еңбек ретінде ерекше бағаланды.

Мамай Қаниұлы Ахетов өз сөзінде Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі әдеп пен әділдікке негізделген қағидаттардың қазіргі заман мемлекеттік қызметшісі үшін үлгі екенін айтып, Абай мұрасын мемлекеттік қызметтің күнделікті тәжірибесінде басшылыққа алудың маңызын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар Абай мұрасын зерделеудің, оның рухани-адамгершілік құндылықтарын мемлекеттік қызмет жүйесінде кеңінен насихаттаудың өзектілігі туралы пікір алмасып, осындай тағылымды кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қолдайтындарын білдірді.

Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс пен құнды мәліметтер сыйлады.

Әуезов Нұрдаулет Саттарұлы

Мемлекеттік істер агенттігінің 

Алматы қаласы бойынша 

департаментінің жетекші маманы

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...