«Абай күні» Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері әдеби квиз жеңімпазы болды

Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекеме қызметкерлері, Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының «Абай күні» мерекесіне орай ұйымдастырған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби квизінде бас жүлдені қанжығалады.
Әдеби квизге №19 мекеме қызметкерлерінен басқа: Абай облысы бойынша қазынашылық департаментінің, полиция департаментінің, төтенше жағдайлар департаментінің және «халық банкінің» қызметкерлері қатысты. 3 адамнан тұратын барлығы 5 команда қатысқан, Ұлы Абайдың өмірі мен өлеңдеріне, музыкалық шығармалары мен Абай есіміне қатысты сұрақтар мен тақырып желісіне сәйкес ребустарды қамтитын 5 сайыстан тұратын квизда, қызметкерлер Абай тану бойынша үздік команда атанып, бас жүлдеге ие болды.
«Бүгінгі іс-шара Ұлы Абайдың туған күніне арнайы ұйымдастырылып, дара тұлғаның өнері мен шығармашылығын, жастар арасында насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Сайысқа түскен әр команда Абайды шын жақсы көріп, құрмет тұтатындарын көрсете білді»-дейді Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысы Маржан Бахатова.
«Мекеменің жеке құрам қызметкерлері жыл сайын «Абай күнін» атап өткенді ұнататын. Бұл күні мекемеде жеке құрам арасында әдеби монтаждар ұйымдастырылатын. Биыл олар Абай туралы білімдерін сайыста сынады. Бұндай іс-шаралардың жеке құрамның идеологиялық тәрбиесінің ең негізгі шарттары деп білемін»-деп бөлісті №19 мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.
Ойын соңында квизге қатысқан командалар Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сыйлықтарымен марапатталды.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...