Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты кімдер алды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік сыйлық:

  1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;
  2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;
  3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;
  4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.