Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

2025 жылғы 30 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, физика және информатика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға университеттің Басқарма төрағасы–ректоры Болат Тілеп, Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, факультет деканы Шерипидин Хамраев, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, түлектер, олардың ата-аналары мен құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің түлектерге арналған бейнеқұттықтауы көрсетіліп, жас мамандарға ақжарма тілектер жолданды.

Рәсімде университет ректоры Болат Тілеп құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерді осы маңызды күнмен құттықтап, олардың көпжылдық табанды еңбектері мен оқу барысында жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ, алдағы өмір жолында сәттілік тілеп, жас мамандардың университет беделін арттырып, ел игілігіне адал қызмет ететініне сенім білдірді.

«Сіз осы қарашаңырақта бойыңызға тек білім ғана емес, өмірлік бағыт-бағдар, адами құндылықтар мен асқақ рухты сіңірдіңіз. Әрине, бұл Сіз үшін алдағы өмір жолыңызда сенімді серігіңіз, биік мақсаттарға жетелейтін алтын арқау болады деп сенемін. Кәсіби жолыңыз табыс пен сәттілікке толы болғай!», – деді ректор өз сөзінде.

Сонымен қатар, диплом табыстау рәсімінде түлектерге университет атынан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы естелік ретінде тарту етілді. Сондай-ақ, салтанатты шарада эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев арнайы қонақ ретінде қатысып, өзінің өнерімен кеш қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, биыл Математика, физика және информатика факультетін 850 түлек сәтті тәмамдап, жоғары білім туралы дипломға ие болды. Оның ішінде 692 бакалавр және 156 магистрант бар. Ал 98 түлек оқу орнын үздік аяқтап, «қызыл диплом» иегері атанды.

Құттықтаймыз!

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...