Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне арналған диплом табыстау рәсімі басталды

2025 жылғы 25 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2024–2025 оқу жылының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі басталды.

Бүгін Тарих және құқық факультетінің 350 білім алушысы университет қабырғасынан түлеп ұшып, бакалавр дәрежесін иеленіп отыр.

Салтанатты шараның шымылдығы университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекованың құттықтау сөзімен ашылды. Шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, бітіруші түлектер мен ата-аналар және қадірлі қонақтар қатысты.

Салтанатты жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің университет түлектеріне арналған бейнеқұттықтауы көрсетіліп, бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегі жолданды.

Сонымен қатар, оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, университеттің өзін-өзі басқару студенттік ұйымның дамуына үлес қосқан бірқатар түлек университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында әрбір түлекке ректор атынан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы естелік ретінде табыс етілді.

Айта кетейік, биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 4 239 болашақ маман тәмамдайды. Алдағы күндері Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультеті, Өнер факультеті, Математика, физика және информатика факультеті, Жаратылыстану және география факультеті, Педагогика және психология факультеті, Филология факультеті мен Сорбонна-Қазақстан институтының түлектеріне арналған диплом табыстау рәсімдері өтетін болады. 

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...