Абай өлеңдері – алтын мұра

Алматыда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай жолшылар арасында өлең оқу байқауы өтті. Өлеңсүйер қауымды жинаған шара Абай мұрасын ұлықтауға арналған.

Игі шараны ұйымдастырған – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы филиалы мен ҚазжолҒЗИ мекемесі. Байқау осы екі ұйымның қызметкерлері арасында өтті. Қатысушылар қазақтың кемеңгер ақынының өлеңдерін жатқа оқып, рухани мерекеге айналған шарада өз өнерлерін паш етті.

Байқауға арнайы құрылған комиссия қазылық етті. Қазылар алқасының мүшесі Ғалия Темірханқызының айтуынша, мұндай шаралардың негізгі мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қызметкерлердің рухани дүниесін байыту, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

“Бұл – ақынға деген құрмет, бұл – ақыл-ойдың, парасаттың шыңы саналатын дана Абайға тағзым. Мұндай байқаулар жол саласында еңбек етіп жүрген, әсіресе, жол сапасын тексеруші мамандар мен ғылыммен айналысып жүрген қызметкерлер үшін аса маңызды. Қатысушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығы ерекше қуантты”, – дейді ҚазжолҒЗИ филиалы директорының орынбасары.

Сайыста ұлы ақынның кең танымал өлеңдері мен әндері жатқа айтылды. Қатысушылардың ішінен ерекше өнерімен көзге түскен – ЖАСҰО Алматы қалалық филиалының бөлім басшысы Айдар Бейспеков. Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

“Абай өлеңдерін жатқа оқу – бұл жай ғана жаттығу емес, бұл – рухани тәрбие, бұл – ойды тереңдету мен тілді дамыту жолы. Абайдың әрбір сөзі – өмірлік ұстанымға айналатын дана сөздер. Уақыт өткен сайын оның шығармалары өз құндылығын жоғалтпайды”, – дейді жеңімпаз Айдар Бейспеков.

Байқау қорытындысы бойынша:
• І орын – Айдар Бейспеков (ЖАСҰО Алматы филиалы),
• ІІ орын – Гүлнар Абдырахманова (ҚазжолҒЗИ),
• ІІІ орын – Галина Назаренко (ҚазжолҒЗИ).

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, кубоктармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Абай мұрасы – мәңгілік. Оның өлеңдері әрбір қазақтың жүрегінде сақталып, болашақ ұрпаққа жол көрсететін рухани шамшырақ.

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады

Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын...

QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

Костанай стал одной из ключевых точек технологической повестки страны...

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің...

Сотни тысяч жителей ЗКО ощутят эффект от проектов МЭКС

В Западно-Казахстанской области продолжается модернизация коммунальной инфраструктуры. В Уральске...

БҚО-ның жүздеген мың тұрғыны ЭКСЖ жобаларының әсерін сезінеді

Батыс Қазақстан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Орал...