Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған іс-шара өтті

Абай облысы ҚАЖ әйелдер колониясында ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған іс-шара өтті.

Абай облысындағы ҚАЖ жүйесінің әйелдер колониясында сотталған әйелдердің қатысуымен ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оның өлеңдері мен «Қара сөздерінен» үзінділер оқыды, сондай-ақ әндер орындады. Ұлы ойшылдың ағартушылық және адамгершілік көзқарастарына, оның адамгершілік, білім, еңбек және руханият туралы идеяларына ерекше назар аударылды.

Абайдың мұрасы – халқымыздың рухани дүниесінің алтын қазығы. Ұлы ақынның шығармалары адамды білімге, еңбекке, ізгілікке және үнемі өзін-өзі жетілдіруге үндейді.

Осындай рухани-танымдық іс-шаралар сотталған әйелдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ олардың қоғамға сәтті қайта бейімделуі мен әлеуметтенуіне ықпал етеді.

Абай сөзі – ұрпаққа аманат, халыққа рухани мұра!

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...