Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөздер жүргізеді

Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Алматыда кездеседі. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әербайжан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 сәуірде америкалық тараптың бастамасымен телефон арқылы сөйлесу өтті. Ильхам Әлиев екі елдің делимитация жөніндегі комиссиялары қол жеткізген уағдаластық диалог пен өзара түсіністік жағдайында екіжақты негізде жүргізілген талқылаулардың нәтижесі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты», — делінген хабарламада.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.