Әз-Наурыз мерекесі тойланды

Атырау облысы бойынша қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде 22 наурыз мерекесі аталып өтті. Бұл шараға Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, департаментке қаоасты мекемелердің басшылары және мекеменің жеке құрамы түгелдей қатысты. Наурыз – қазақ халқының ең маңызды ұлттық мейрамдарының бірі, табиғаттың жаңаруы мен көктемнің келуін білдіретін ерекше уақыт. Бұл күнді атап өту – ұлттың рухани мәдениетін, тарихын және салт-дәстүрін құрметтеу болып табылады.
Мерекелік бағдарламаның аясында ұлттық ойындар, түрлі мәдени шаралар мен концерттер ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдармен әзірленген дастархан қонақтарды дәмді дәмімен тамсандырды, әрі бұл мейрамның ерекше сәнін келтірді. Іс-шараның басты мақсаты – жас мамандар мен қызметкерлерді отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғырту. Шара соңында ұлттық ойын түрлерінен қызметкерлер бақ сынасты, сайыста алға ұмтылып жеңіске жеткен қызметкерлерді департамент бастығы Азамат Абдуғалиұлы Дипломмен марапаттады. Мерекеге қатысушылар өзара ізгі тілектер мен құттықтауларын білдіріп, жаңа жылда жетістік пен бақыт тілеп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...