Әуежайда қызметкерді кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды

Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел тергеу тобы құрылған. Зардап шеккендер жоқ.

Сот шешімімен күдіктіге екі айда қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.

Негізгі назарда:

  • осал тұстарды анықтау;
  • қауіптің алдын алу;
  • бақылауды күшейту;
  • әрекет ету алгоритмін жетілдіру;
  • күзет қызметкерлерін оқыту;
  • құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту.

ІІМ жағдай толық бақылауда екенін, болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажет шара қабылданатынын мәлімдеді.

7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды. 

Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды. 

Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.