12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әскери қызметшілер мен курсанттарға референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары  жөніндегі бас басқарма бастығы полковник Серік Сарабузов қызмет сапарымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік  институтына, сондай-ақ Алматы және Қонаев гарнизондарындағы әскери бөлімдерге барды.
Сапар барысында ол әскери қызметшілер және курсанттармен кездесулер өткізіп, 6 қазанда өтетін атом электр станциясы (АЭС) бойынша жалпыұлттық референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында бұл оқиғаның маңыздылығы және оның ел үшін мәні атап өтілді.
Полковник Сарабузов атом электр станциясының (АЭС) құрылысын күрделі және көпқырлы жоба ретінде сипаттап, әр азаматтың осы мәселе бойынша өз пікірін білдіруге құқығы бар екенін атап өтті. 
  • Әрқайсыңыздың АЭС құрылысына қатысты пікіріңізді білдіруге мүмкіндігіңіз бар, және бұл шешім еліміздің осы жобаға деген маңыздылығын түсінуге негізделуі тиіс,— деді ол.
    Полковник Сарабузов қатысушыларды шарадан шет қалмауға және қолжетімді барлық ақпаратты мұқият зерделеуге шақырды, осылайша саналы таңдау жасауға мүмкіндік бар екенін атап өтті.
    Сонымен қатар, полковник Сарабузов дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері 143-ші жабық учаскеде дауыс береді, ол әскери оқу орнының аумағында орналасқан.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік қызметші болу - бұл үлкен абырой мен міндет....

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ

Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі...

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию...

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...