ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ОҚУ ОРДАСЫ

Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Алматы технологиялық университеті  тағам, қайта өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсібі салалары, сондай-ақ бизнес және қонақжайлылық индустриясы үшін мамандар мен ғылыми қызметкерлерді 60 жылдан бері  даярлап келеді.  Орталық Азияда көшбасшы болып танылды. Боллон декларациясы ұстанымдарын жүзеге  асыра отырып, 2010 жылы Magna Charta Universitatum (Университтердің Ұлы Хартиясына) қол қойған еді.Сондай-ақ, Еуропалық Университеттер Қауымдастығының 2014 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен Алматы технологиялық университеті Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EAU) қауымдастырылған мүшесі ретінде тіркелген.

Нәтижесінде ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін дайындаған  50 мыңнан астам түлектері  алыс және жақын шет елдерде, отандық өнеркәсіп орындарында  білікті маман ретінде танылып, индустрияның бейінді салаларында технологиялық үдерістерді басқаруда.

Университет халықаралық бағдарламаларға сай  оқытумен қатар тағам қауіпсіздігі бойынша магистрлік оқу бағдарламасын жасаған. Қоғамдық-пайдалы университеттер құру атты TEMPUS бағдарламасына сәйкес  Еуродақ елдерінің  жоғары оқу орындарымен  бірлесе зерттеу және инновациялық даму орталығы (REDIC) ашылған.

АТУ ғылыми-білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде білім алушыларға шет елдік жазғы тәжірибеден өтуге және қос дипломдық бағдарлама жобасы бойынша оқудан өтуге және  профессорлар-оқытушылар құрамына біліктіліктерін жетілдіру үшін де шет елдік ғылыми тағылымдамалардан өтуге мүмкіндік береді.  

 Тағам өндірістері факультетінің Польша Қоғамдық тамақтандыру және қонақүй бизнесі академиясымен, сондай-ақ Германияның Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен бірлесе қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау тәжірибесі бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде факультет студенттері Австрия, Болгария, Чехия, Испания, Франция елдерінің университеттерінде де білім алуда.   Еуропаның белгілі техникалық жоғары оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан өтуі жыл сайын ұйымдастырылады.

Білім беруді интернационалдандыру іргелі пәндерді шет тілдерінде оқыту үшін азық-түлік өнімдерінің технологиясы және Биотехнология мамандықтарында оқитын студенттер үшін микробиология, молекулярлық биология, тағам өнімдерінің биохимиясы, саланың жалпы технологиясы, сүт және сүт өнімдерінің биотехнологиясы, БАВ биотехнологиясы, шикізат пен тағам өнімдерінің қуаттылығын  зерттеуде негізгі және бейінді пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Тағам өндірістері факультетінің барлық білім беру бағдарламалары ASIIN халықаралық аккредиттеу агенттігінде (Германия) және аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігінде (АРТА) мамандырылған аккредитациясынан өткен.

 Нарықтық шаруашылық жүргізуде университет бойынша түлектеріміздің жұмысқа орналасу 87,1%, тағам өндірістері, жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеттері түлектердің 92,7 %-ын, экономика және бизнес факультеті 78,2 %-ын, инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті 87,2 %-ын қамту болып,  тұрақтылық сақталған.

Бакалавриат бағдарламаларының түлектері  негізінен —  тағам және қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі салаларының өндірістік кәсіпорындарында, сондай-ақ машина жасау кәсіпорындарында, заманауи техниканы және жаңа өндірістік-технологиялық үдерістерді зерттеумен және әзірлеумен айналысатын бейінді және бейіні жағынан жақын ғылыми-зерттеу, құрастыру және жобалау ұйымдарында жұмыс жасау үшін даярланғанады.

 Алматы технологиялық университеті  көшбасшылық ұстанымына сай келетін үздіксіз кәсіби білім беру кешенін қалыптастыру тұжырымдамасына негізделген. Оқу ордасының осындай берік ұстаныммен еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар дараланды.  

Шолпан Тұрсынбаева,

«Тағам технологиялары» факультеті «Астық өнімдері және өңдеу  өндірістерінің технологиясы» кафедрасының

PhD, сениор-лекторы

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...