Әлемді ұрыссыз-ақ мойындатқан – Жанұзақ Мүсәпір

Белгілі суретші әрі журналист Жанұзақ Мүсәпірдің  суретшілік қыры ұзақ жылдар бойы өнерсүйер қауым мен кәсіби ортада жоғары бағаға ие болып келеді. Оның еңбектерінің мәні де өте тереңде жатыр. Жақында сыршыл суретшімен тілдесудің орайы келген еді.

“Өнер адамы – жаңалық ашушы” деп әңгімесін бастаған Жанұзақ Керімбек, бейнелеу өнерінің адамзат тарихына қосқан елеулі үлесін тізбектеп берді.

“Тарихта ең алғаш ұшақ құрастыруға ұмтылған – Леонарда Да Винчи. Ол жарғанат қанатының құрылысын зерттеп, сызбаға түсірген алғашқы адам. Бұл фактінің өзін ғалымдар бертін келе ашты. Өйткені суретші өз жаңалығын әлемге айғайлап жаймағанды. Дегенмен, қазіргі әлем сипатына қарасаң, барлығы дерлік сол бейнелеу өнерінің жемісі. Мейлі ол қаламсап не зәулім ғимарат болсын. Өйткені бейнелеу өнеріне сызба, дизайн, архитектура да кіреді. Қоғамның қай саласына басыңды сұқсаң да айналып алдыңа келеді” – дейді Жанұзақ Мүсәпір

Осы себепті де суретші бейнелеу өнері арқылы әлемді өзімізге қарата аламыз дейді.

«Егер сіз Ресейге барып, Мәскеуден түссеңіз “Третьяков” галереясын іздейсіз, Санкт-Петербургта “Эрмитражға» соқпай өтпейсіз. Париждағы “Луврға” да кірмей кете алмайсыз. Әлемдегі туристердің бәрі жан азығын – өнерден іздейді. Біздің де елімізде соған бет бұруда. Қоғам оған дайын, сол үшін де мен осы тақырыпты көтеріп отырмын. Неге Пикассо, Шишкин, Сальвадор Дали, Айвазовский, Микеланджело сияқты өз авторларымызды дәріптеп, жоғары көтермеске? Суретшілеріміз де қарап отырған жоқ. Дәл қазір Венецияда болып жатқан әлемдік деңгейдегі көрмеге 6 бірдей отандасымыз қатысып жатыр. Олардың қатарында 40-тан аса мемлекетті мойындатып, көрме өткізген Ерболат Төлепбаев, Америкада 300-ден аса туындысы ілулі тұрған, суреттері Еуропадан бастап әлемді аралап кеткен Амандос Ақанаев бар. Бұл тек бір төбе ағаларымыз, айтылмай қалғаны қаншама. Дәл қазір әлемді еш соғыссыз, ұрыссыз, қан-төгіске бармай, өнермен-ақ жұмсақ күшпен мойындата аламыз”, — дейді Жанұзақ Мүсәпір.

Өнер — суретшінің пікірінше Қазақстанның бейнесін, беделін сөзсіз көтеретін таптырмас құрал.

“Қазақ суретшілерінің өзіне тән ерекшелігін айтпай кетпеске болмас. Тау халқы тау сулұлығын бейнелеуді құп көреді, Айвазовский сияқты мұхиттың бейнесін ешкім бере алмайды. Сол сияқты қазақ суретшілері де өз бояуымен, өз танымымен ерекшеленеді. Біз кең аспанды айшықтаймыз. Өйткені ұлы дала перзенттерінің көңілі де, жүрегі де аспандай кең”,- дейді Жанұзақ Мүсәпір.

Жанұзақ Керімбайдың “Балалықтан даналыққа жол” атты картина топтамасыда Әл-Фараби атамыздың өз топырағымыздан шыққанын өзге Орта Азия елдеріне мойындатқаны сол “жұмсақ күш” ұғымын айшықтайтындай.

“Полиптих картина бір топтамадағы 4-тен аса еңбек жинағы. Аристотельден кейінгі екінші ұсаз атанған Әл-Фараби атамыздың өмір жолын бір кенепке сыйғызу мүмкін емес. Ұлы ғұлама Отырардан бастап, ғылым қуып біраз қалаға тұрақтаған. Сол себепті де Орта Азия елдерінің арасында талас көп. “Балалықтан даналыққа жол” картинасы осы даудың түйінін шешіп, тарихи дәйекті ашып көрсетті. Тұсаукесерді Каир қаласында өткізуіміз де бекер емес. Алыс жақын елдердің тісқаққан ғалымдары Әл-Фарабидің түп негізі Отырар екен деп таңдай қағысты. Тіпті көрме барысында айнала келіп, қайта-қайта көргендер  болды. Бұл еңбегім 5 бөліктен тұрады. Әр картинада ғұламаның басынан өткен оқиғалар мен орын тепкен мекендері көрсетілген. Тіпті, әр қаланың, мәдениетінің ерекшілігін беруге барынша күш салдым”, — дейді Жанұзақ Мүсәпір.

Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы ұлт қамын қамдаған, өз дара жолы бар ерек суретші. Оның “Балалықтан даналыққа жол” атты ұлы ғұлама Әл-Фарабидің өмір жолын сурттеген бірегей полиптихы – Абай атындағы әдебиет және өнер сыйлығына бірден бір лайық картиналардың бірі.

Жылыс Нұрбол

«Заң газеті»

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...