Әлем есірткіге қарсы

Австрияның Вена қаласында БҰҰ-ның Есірткі заттар жөніндегі комиссиясының 68-сессиясы өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ондағы кездесудің бірі – Есірткіге тәуелділік пен қылмыстың алдын алу шараларына қатысты болды. Онда қатысушылар қоғамды есірткі қаупінен қорғауға арналған институционалды тетіктерді талқылады. Бұл кездесуде Қазақстанды БҰҰ ЕҚБ аймақтық жастар желісінің бөлігі саналатын Esbol Qory қоры таныстырды. Қор есірткіге қатысты вирустық контентті анықтап, оны бұғаттайтын «MERGEN» ақпараттық жүйесін таныстырды. Бұл жүйенің көмегімен Қазақстан аумағында 4 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталған. Былтыр қордың қолдауымен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары есірткі сатушылар мен тұтынушылардың жолын кесуге көмектесетін digital-карта ұсынған болатын. Онда қосымшаның көмегімен кез келген азамат есірткі қылмысының орнын белгілеп, көрсете алады. Яғни, қылмыстың жасырын жарнамасына куә болғандар esbol.kz сайтына кіріп, картаға фотосуретті жүктей алады. Сол бойынша тәртіп сақшылары белгіленген мекенжайды көріп, есірткі саудагерлерін құрықтайды. 2021 жылдан бері есірткі қылмысына талдау жүргізген қор бұл жолы жаңа жүйені таныстырып отыр. Жалпы, Есірткі бизнесі мәселесі жөніндегі комиссия (CND) БҰҰ-ның есірткі саясатын жүргізу жөніндегі орталық органы болып табылады. Ол ғаламдық есірткі жағдайын қарайды және талдап, залалдың алдын алуға көмектеседі.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...