Әкімшілік соттың судьялары дөңгелек үстел өткізді

▪️Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бастамасымен Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ғимаратында судьялардың, прокуратура, әділет департаменті және жеке сот орындаушылары палатасы өкілдерінің қатысуымен «Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істер бойынша сот практикасының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Айгүл Абдуллина мұндай кездесулер сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы дауларды қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін өткізілетіндігін атап өтті.
▪️Судья Асылхан Абилгазина статистикалық деректерді келтіріп, алимент бойынша берешекті анықтау және сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуді бекіту туралы даулары қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді айтты.
▪️Судья Жеңіскүл Султанова өз баяндамасында медиативтік келісім жасау жолымен аяқталған әкімшілік істердің сот практикасынан мысалдар келтірді. Судья татуласу туралы келісімдер жасау арқылы дауларды шешу бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.
▪️Шара соңында қатысушыларға қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, өзара пікір алмасты.

🖊️Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...