12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мен соттың белсенді рөлі

2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қабылданып, аталған Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Бұл Кодекспен реттелетін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар және жеке, заңды тұлғалар болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті – жария құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу болып табылады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі — ӘРПК) 1-бабының 3-бөлігіне сай, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
ӘРПК-де талап қоюлардың 4 түрі қаралған (Кодекстің 131-бабы), олар:
1) дау айту туралы талап қою;
2) мәжбүрлеу туралы талап қою;
3) әрекет жасау туралы талап қою;
4) тану туралы талап қою.
Талаптар сипаты қалаған сот шешіміне сәйкес осы жүйелік классификация бойынша жіктеледі. Бұл ретте азаматтық процеске қарағанда, талаптың ұйғарымдылығы, тексеру көлемі, оның іс бойынша өтуі талаптың нақты түрін таңдауға байланысты екенін ескеру керек.
Талаптың классикалық түрі әкімшілік актіні жоюға бағытталған (мысалы жер телімін беру жөніндегі шешімнің жойылуы туралы) таласу талабы. Мұндай талап бойынша талапкер өзінің құқығы мен заңды мүддесі бұзылғанын дәлелдеу керек. Талап қанағаттандырылған жағдайда сот әкімшілік актіні толықтай немесе оның қандай да бір бөлігін жояды. Осылайша соттың шешімі тікелей құқықтық жағдайды өзгертеді, мұнда шешімді қосымша орындау қажет емес.
Мәжбүрлеу туралы талап бойынша талапкер әкімшілік органның өзіне қатысты қабылдаудан бас тартқан қолайлы актіні немесе әкімшілік органның әрекетсіздігі салдарынан қабылданбаған осындай құжатты қабылдауға мәжбүрлеуді көздейді. Мұндай өтініш сонымен қатар өзіне қатысты ауыртпалықты әкімшілік актіні қабылдамау туралы мазмұнда болуы мүмкін. Таласу туралы талапқа қарағанда сот әкімшілік акт шығармайтындықтан оның шешімі құқықтық жағдайды өзгертпейді. Сондықтан сот әкімшілік органды талапкер қалаған әкімшілік актіні қабылдауға міндеттейді. Сот өз шешімінде оның мазмұнын, әкімшілік актіні қабылдау уақытын, сондай-ақ істің жағдайында маңызды өзге де шараларды анықтай алады. Соттың мұндай шешімі қабылданғанға дейінгі әкімшілік актіні алмастырады. Әкімшіліктің қалауына сай нақты шешімді қабылдау мүмкін болмаса сот әкімшілік органды соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, әкімшілік актіне талапкердің пайдасына шешуді міндеттейді.
Әрекет жасау талабы бойынша талапкер жауапкерден белгілі әрекетті жасауды немесе одан тартынуды талап ете алады. Бұл талаптың әкімшілік актіге қатысы жоқ. Бұл талап аясында мысалы жол қозғалысына шек қоятын белгіні алу сияқты және тағы да басқа қарапайым талаптар жасауға болады. Егер сот әрекетті жасау туралы талапты негізді деп таныса, онда жауапкерді нақты әрекет жасауға міндеттеп, оның орындалу мерзімін белгілейді. Сонымен қатар талапкер жауапкердің жасаған нақты әрекетін заңсыз деп тануды талап етсе, онда сот өзінің шешімінде оны орындайды.
Тану туралы талапта талапкер қандай да бір құқықтық қатынастың бар немесе жоқ екендігін мойындатуды көздейді. Құқықтық қатынасты мойындау туралы талап біріншіден, тек талапкердің экономикалық және моральдық қызығушылығы болса, екіншіден, басқа талаптардың ешқайсысы мәселені шешуге сай келмегенде ғана ұйғарылады. Бұған зейнеткердің көп зейнетақы көлемін арттыруға құқы туралы талаппен сотқа жүгінуін мысал етуге болады. Тану туралы талапқа сәйкес құқықтық қатынастар туындаған кезден бастап бес жыл ішінде, қалғандары бір ай ішінде жасалуы керек. Осы ретте сотқа тараптарға алдын ала құқықтық салдарларын түсіндіре отырып, өтініш талаптарын қалыптастыру немесе өзгертуге көмектесу құқығы беріліп отыр.
Осы ретте әкімшілік сот өндірісі қағидаттарын айрықша айтып өту қажет.
Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу ӘРПК-нің 2-тарауында баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
Аталған тараудағы қағидаттардың ішінде жаңадан енгізіліп отырған қағидат — Соттың белсенді рөлі (16-бап).
Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады.
Сот, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.
Бұл өндірістегі соттың белсенді ролі аз дегенде төмендегідей үш аспектіні қамтиды: соттың тараптардың берген дәлелдерімен шектеліп қалмай, шындықты айқындау үшін қажет деп санаған барлық жағдайды зерттеуі, дәлелдер жеткіліксіз болса судьяның өз еркімен оларды жинауы, әкімшілік органның өзінің дұрыстығын дәлелдеуге міндеттілігі, ал тараптардың тұтастай сотқа талап етілген барлық құжаттар мен материалдарды беруі.
ӘРПК-нің 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
Азаматтық процестік кодексінде 17 қағидат қаралған, оның ішінде аталған қағидат жоқ, бұл қағидат жоғарыда аталып өткендей жаңадан енгізілген қағидат.
Азаматтық процестік кодексінің 73-бабында көрсетілгендей, тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар дәлелдемелерді істі сот талқылауына дайындау сатысында бірінші сатыдағы сотқа ұсынады, Іске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді беру қиын болған жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтінішхаты бойынша оларға дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсетеді.
​Ал, ӘРПК-нің 16-бабында көрсетілген Соттың белсенді рөлі қағидаты бойынша — Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.
Осы қағидатты жүзеге асыру барысында басты ерекшелік, бұл — судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
Бұл норманы судья екі жағдайда қолданады. Біріншіден, тұтастай іс емес, судья нақты жағдайға, қаралып отырған істің заңдық жақтарымен байланысты құқықтық негіздер бойынша пікірін айта алады. Екіншіден, бұл күтпеген сот шешімін жою үшін енгізіліп отыр. Қазір өздеріңізге белгілі, талапкер жауапкермен соттасып жатқанда, судья сот процесі барысында үнсіз отырады да, соңында оларға түсініксіз шешім шығарады. Судья сот процесінде өзінің алдын ала пікірін айтатын болса тараптар дұрыс дайындалып, қосымша мәліметтерді әкелетін болады. Бұл процестің сапалы жүріп, онда қабылданатын ақырғы шешімнің дұрыс қабылдануына оң ықпал етеді. Өйткені, тараптар жобамен процестің бағытын біліп отырады.
Жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу және дауды заң нормаларына сәйкес әділ, бейтарап және уақтылы шешу мақсатында, сот үшін осы қағидат — әкімшілік істі жан-жақты зерттеу үшін тараптардың өтініштері мен ұсыныстары негізінде және де өз бастамасымен қажетті дәлелдемелерді тиісті мемлекеттік органдардан, жеке немесе заңды тұлғалардан сұрау салып, алдыруға, қажетті мәліметтерді жинақтауға үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, сотта қарастырылатын даулардың санын азайту, оларды шешудің балама түрлерін, соның ішінде татуластыру рәсімдері мен медиациялық келісімдерге келу арқылы екі тараптаың арасында дауларды шешу мәселесі ерекше көңіл бөлінуде.
Әкімшілік іс жүргізу барысында сотта осы қағидатты қолдану арқылы, Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша іске қатысушы тараптарға өзінің алдын ала құқықтық пікірін түсіндіріп, екі тараптың арасындағы даудың оңтайлы түрде шешу мүмкіндігін қарастырады.

Түркістан облысы мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы​​ А.Шарханов

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...