12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын басшылыққа ала отырып ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сот саласындағы жаңа бастаманың бірі саналатын әкімшілік әділет институты да билік пен халық арасын жалғау мақсатында, азаматтардың талап-тілегін тәжірибеде оң шешу негізінде қолға алынған еді. Бүгінде әкімшілік әділет қарапайым халық пен мемлекеттік органдар арасындағы теңсіздікті жойып, жария-құқықтық дауларды оңтайлы шешудің ерекше тетігі ретінде мойындалып отыр.
Жаңа әкімшілік соттар жеке және заңды тұлғалар мен әкімшілік органдар арасында туындайтын дауларда әлсіз жақтың мүддесін қорғауды көздейді. Жария-құқықтық шешудің заңдық тәртібі реттелген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қарапайым халық пен заңды тұлғалардың сотқа жүгіну тетіктері мейлінше жеңілдетілген. Мәселен, судьяның белсенді рөл атқаруының көмегі көп. Осы функциясын пайдалана отырып судьялар жеке және заңды тұлғаларға бағыт-бағдар беріп, талап-арызын толықтыруына жол ашады. Соттың өз бастамасына сүйене отырып дәлелдемелер жинап, даудың мән-жайларын зерттеуіне Әкімшілік рәсімдік-проестік кодекс толық мүмкіндік берген. Мұның тағы бір артықшылығы судьялардың талаптардағы ресми қателіктерді жоюға көмектесіп, тиісті органдардан қажетті құжаттарды алдыруына ешқандай кедергі жоқ. Бұған қоса әкімшілік соттар дәлелдеме жинау кезінде белсенділік танытып, істің мән-жайларын неғұрлым толық анықтай алады, тиісті жауапкерді өз еркімен сотқа тарта алады, соның нәтижесінде заңды және негізді шешім шығаруға мүмкіндік туады.
Заңда дәйектелгендей сот барысындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына шешілетіні де әкімшілік әділеттің жағымды тұстарының бірі. Ал анықтық презумпциясы бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы ұсынған құжаттар әкімшілік орган, лауазымды адам теріс деп белгілемейінше, анық деп есептеледі.
Тағы бір ерекшелік, басқа сот істерімен салыстырғанда әкімшілік істерді қарағанда судьялар қаралып жатқан іс бойынша тараптардың құқықтық негіздемелеріне сүйене отырып өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға толық құқылы. Яғни, істің немен түйінделуі мүмкін екенін білген тараптардың өзара татуласып, дауды жедел, оңтайлы бітіруіне де жол ашық. Бұл тараптар үшін өте тиімді.
Бұрын қарапайым азаматтарға мемлекеттік орган қызметкерлері әрекетінің заңсыздығын дәлелдеу қиынға түсетін. Әкімшілік рәсімдік-процеске сай бүгінде талап қоюшылар өз талабының дұрыстығын дәлелдеуге тиіс емес. Керісінше әкімшілік орган өз шешімінің, әрекетінің не әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін сот барысынша дәлелдеуге міндетті. Осының өзі азаматтардың соттарға деген сенімін нығайтып, құқығы мен бостандығының әділ қорғалатынына көзін жеткізіп отыр.
Гүлім Мұқанова,
Алматы қаласы мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...