ӘКЕНІҢ РӨЛІ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Қазақ халқы қашанда әкені отбасының тірегі, асқар тауы деп құрметтеген. Әке тек асыраушы ғана емес, балаларына өнеге беріп, оларды өмірге дайындайтын тұлға.

Қазіргі заманда да əке тəрбиесі мен оның отбасындағы белсенді рөлі қоғам үшін маңызды. Осы орайда Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Отбасы – ұлт тірегі» атты əкелер форумы, спорттық спартакиада, əкелер мен балалардың бірлігін арттыруға, олардың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталды. Отбасы – ұлттың іргетасы, əке – отбасының тірегі. Осы ұстанымды басшылыққа алған «Əкелер форумы: отбасы – ұлт тірегі» атты спорттық спартакиада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – əкелердің отбасы алдындағы жауапкершілігін арттыру, балаларымен қарым-қатынасын нығайту жəне отбасы құндылықтарын дəріптеу. Қазақ дəстүрінде əке – отбасы ның қорғаны, тəрбиенің негізі, баласына өмірлік жол сілтейтін көшбасшы. Шара аясында əкелер əртүрлі спорттық сайыстарда бақ сынасты. Мектептің дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің арнайы дайындаған бағдарламасы бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс тек физикалық шеберлікті ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық пен өзара қолдауды қажет етті. Қатысушылар арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күрес, стол үсті тенисі, асық ату, баскетбол жəне басқа да спорт түрлерінде сынға түсті. Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл шарада қатысушылар батыр бабалардың ерлігін еске алып, спорттық ойындар арқылы жеңіс рухын сезініп, батылдық, табандылық, төзімділік секілді қасиеттерді бойларына сіңірді. «Əкелер форумы: отбасы – ұлт тірегі» – тек спорттық сайыс қана емес, ұрпақтар сабақтас тығын жалғайтын, отбасылық құндылықтарды нығайтатын маңызды бастама.

Азиза СЫДЫҚОВА, Қ. Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназия директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес...

От сырьевой экономики к собственному производству: как за семь лет изменилась промышленность Казахстана

Инвестиционная активность является одним из ключевых факторов экономического развития...

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...