Әйелдер түзеу мекемесінде колледж ұжымы сынып шебер сабағын өткізді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «№ 79 түзету мекемесінің жанындағы колледж» мемлекеттік мекемесінде 24.05.2024 ж студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы «Ашық есік» күніне «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды. Колледж мақсаты: Мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту,оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру,кәсіби шеберліктерін дамыту. Биылғы әр топ бітіруші студенттеріміз жетекшілерімен бірігіп,оқыған мамандықтарынан алған білімдерін шарада жоғарғы деңгейде көрсетті. Шарада мамандық бойынша бағдарлама құрастырылды.
1.Аспаз,кондитер топтары — Аспазшылар әлемі –шеберлік сағатында студенттердің қолдарынан шыққан, ұн тағамдарынан дайындалған тамақтарын,тіске басар және салаттардың жасалу жолдарын түсіндіріп өтті.
2.Тігіншілер және шаштараз топтары- Сәнге қайта оралған 90-шы жылдардағы үздік трендтер.Жаңа зат –ұмтылған ескі дүние демекші,90-шы жылдары адамдардың қалай киінгені және сол кездегі шаш үлгілеріне, қысқаша түсінік беріп,өз қолдарымен тіккен киім үлгілерінің сызбасын,үлгісін әзірлеуді,эстетикалық талғамдардың қалыптастыру мүмкіндіктері туралы ақпараттар алды. Киімдер мен шаш үлгілерінің үйлесімінің идеяларын тауып, қазіргі таңда бұрыңғыны жаңғыртып студенттер арасында эксперемент жасалды. Бәріде өз ойлағандарындай көңілдерінен шықты.
Ісім оңсын десеңіз,сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз,көпшіліктің адамы болыңыз. Міне осындай ұстанымды ұстап,колледж қызметкерлері студенттерді мамандыққа баулып, тәрбиелеп бірігіп жұмыс жасауда.Шара соңында студенттер өз өнерлерін ортаға салып,келер жылдың студенттеріне сәттілік тіледі.

Сокращенное производство в уголовном судопроизводстве

Судебное разбирательство в сокращенном порядке в уголовный процесс был...

Информационно-разъяснительная работа

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПОДПИСАЛ СООТВЕТСТВУЮЩЕЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ КАСАТЕЛЬНО УТВЕРЖДЕННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВОМ...

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №19 мекеме қызметкерлері...

«Путь» на большой экран 

В ВОРОНКУ МОШЕННИЧЕСТВА В НАШЕЙ СТРАНЕ ПОПАДАЮТ НЕ ТОЛЬКО...

Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары – құқықтық мемлекеттің берік тірегі

Құқықтық мемлекетте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты құндылықтардың...