“ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН” құра аламыз ба? ..

“Айта-айта Алтайды..” демекші, құқық саласындағы заңсыздықтарды айта беріп, бұрынғы әріптестерге жеккөрінішті боп тындық. Айтпайын десең, әділдік таппай, шырылдаған халық..Сот пен прокуратураның алдында өздерін өртейміз дейтіндерді сол кезде түсінетіндейсің..
Жазда бір келіншек байланысқа шықты. Ақтөбеденмін деп таныстырған Гауһар күйеуінің заңсыз сотталғанын айтып, құқықтық көмек сұрады. Ол кезде адвокаттық қызметті уақытша тоқтата тұруыма байланысты, іспен танысып, ауызша көмек берумен шектелген болатынмын. Осы жерде айтатын кететін нәрсе, сол кезде үш баласының әкесі, жан жары-азаматы үшін басын тауға да, тасқа да ұрып, әділдік іздеген қайсар келіншектің Бас Прокуратураға үшінші рет келуі екен.

Мән-жай мынадай:
2020 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысының Мартук ауданында контрабандалық жолмен өткізбек болған 611 960 қорап акцизсіз темекі (құны шамамен 244 млн.теңге) ТӘРКІЛЕНІП, ол бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалады. Тауар акцизделмеген, яғни құрамы, басқа да белгілері анықталмаған, тексерілмеген. Мұндайда біздің Заң не дейді?
Сотта, тергеуде тәркіленетін заттай (контрабандалық заттар, есірткілер, валюталар, т.с.с) айғақтарды тіркеудің, сақтаудың, өткізудің және жоюдың Үкіметпен бекітілген арнайы Ережесі бар. Атауы -ұзын -сонар. “»Тәркіленге заттарды есепке алу, сақтау, беру және заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды,есірткі құралдарының, психотроптық заттардың,қылмыстық істер бойынша сот, прокуратура, қылмыстық
қудалау және сот сараптамасы » деп аталады) Қысқаша — ЕРЕЖЕ дейік.
Қай зат жойылуға жатады, қай айғақ қайтарылуға, қай нәрсені сатуға және одан түскен қаражатты мемлекет кірісіне өндіруге жатады деген құқықтық мәсәлелер сол Ережеде көрсетілген.
Аталған норманың талабы бойынша, тергеуде тәркіленген заттарды сатуға немесе жоюға шешімді СОТ қабылдайды. Яғни тергеу органы қандай да бір әрекет жасау үшін соттың санкциясы керек.

Қош, аталған заң талабын сақтап, сол кездегі Мартук аудандық полициясының тергеу бөлімі басшысы АЙБАТ ЕРҒАЛИЕВ тәркіленген темекілерді сатып, қаражатты мемлекет пайдасына өндірге рұқсат сұрап, тергеу сотына жүгінеді. Сот отказ береді, яғни тергеуші талабын қанағаттандырусыз қалдырады. Сатуға рұқсат етпейді. Өйткені, ҚР “Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы” Заңының 13 бабында “АКЦИЗДЕЛМЕГЕН ТЕМЕКІ өнімдері ЖОЙЫЛУҒА ЖАТАДЫ” деп анық көрсетілген.
Сонымен тергеудің басшысы А.Ерғалиев бұл іске нүкте қояды. Заңмен көзделген барлық шараларды жасайды да, контрабандалық жолмен әкелінген акцизсіз темекілерді жою үшін аудан прокурорына шығады. Сол кезде аудан прокурорының м.а. А.МАХАМБЕТЖАН өз өкілеттігін пайдаланып, Мартук аудандық прокуратурасы Ақтөбе облыстық сотына шағымды өзі түсіреді.
Ақтөбе облыстық сотының судьясы Н.ОРМАХАНОВ 06.08.2020 ж.Қаулысымен тергеу сотының судьясы НҰРШАРЫПОВТЫҢ акцизсіз темекілерді сатуға тиым салған қаулысын БҰЗАДЫ. Сөйтіп, аудан прокурорының талабын қанағаттандырып, тәркіленген 611 960 қорап, құны 244 млн.теңгеге бағаланған темекілерді сатуға РҰҚСАТ БЕРЕДІ.(!)

Содан тергеудің басшысы А.Ерғалиев не істейді? Соттың шешімін орындамасқа өкілеттігі жоқ. Облыстың соты солай шешім шығарып берсе, сатылу керек. Одан түскен қаражат мемлекетке түсу керек. Ең жоғарыда көрсетілген ЕРЕЖЕ талабына сай, тәркіленген заттарды сататын компанияны жергілікті ӘКІМДІК табу керек. Солардың құзырына жатады. Ерғалиев хатпен әкімдікке шығады. Әкімдік «Adele invest» ЖШС-н ұсынады. Ол ЖШС-ның директорын Ерғалиев танымайды, білмейді. Әкімдіктің  белгілеген мекемесі болғандықтан, жаңағы қоймада сақталып тұрған 612 мыңға жуық қораптағы темекіні акт жасап, түгел өткізеді. ЖШС - ң директоры Т.ЖАЛҒАСОВ тауарды түгел қабылдап алады. 

Қызықтың бәрі осы жерден басталады. Әлгі ЖШС 244 млн-дық затты алып, жоқ боп кетеді. Ерғалиев оны екі жыл іздейді. Себебі МЕМЛЕКЕТКЕ тәркіленген тауардан бір тиын ҚАРАЖАТ ТҮСПЕГЕН.(!) Шарқ ұрып, іздеп, тауып алады да, ЖШС-ның үстінен іс қозғау үшін прокурорға қаулымен шығады. 

Қысқасы, соңында кімнің сотталғанын білесіздер ме?! Мемлекет пайдасын ойлап, пәлен млн-дық тауарды жымқырып, жоқ боп кеткен компанияны жауапқа тартпақ болған А.ЕРҒАЛИЕВТІҢ өзінің үстінен іс қозғап, 5 жарым жылға соттатып жібереді(!) Бас бостандығынан айырып, қамауға алады. Түкке түсінбеген Айбатқа араша сұрап, шырылдаған әйеліне облыс прокурорының сол кездегі көмекшісі “Күйеуің секіре бермеу керек еді. Білуге тиісті емес нәрсеге мұрнын тығып” дейді..

161 950 қорап (құны-244 млн.) контрабандалық жолмен әкелінген акцизделмеген темекіні жоқ қып жіберген, (мемлекетке бір тиын құймаған) компанияны жауапқа тартпақ болған Ақтөбе облысы, Мартук ауд.тергеу бөлімінің басшысы Айбат Ерғалиевқа қандай айып тағылды?
Айбат Қылмыстық Кодекстің 362 -бабымен (қызметін асыра пайдалану) сотталып отыр. Қазір Семей түрмесінде. Соттың айтуынша, “заңсыз әрекетімен мемлекетке орасан, атап айтқанда 244 млн.шығын келтіріпті”. Айыбы сол екен. Парадокс па? «Adele invest» ЖШС-на контрабандалық тауарды өткізіп, “жеке бас пайдасын көздепті”-мыс. Ары қарай ол компанияны іздемепті-мыс. Менің алдымда Ерғалиевтің «Adele invest» ЖШС-н іздеп, мемлекетке түсуі тиіс қаражатты іздеп, түрлі мекемелерге(оның ішінде әкімдік, прокуратура бар) жазған 12(!) хаты тұр. Кәдімгі мекеменің мөрі басылып, қол қойылған ресми хаттар. Ол хаттардың іс материалдарында болмауы мүмкін емес.
Сот актілерін оқып, жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің. Бірінен бірі көшіріп жаза берген. Соңғы үміт — Жоғарғы Соттың шешімі еді. Бір сауатты жазса, Жоғарғы Соттың судьялары жазар. Негіздеп, шегелеп тұрып жазар деген ойым да быт-шыт болды..Ет сасыса тұз бар, тұз сасыса, не себеріңді білмейсің ғой..Дәл сол жағдай..

Алдыңғы постта Ерғалиевтің келіншегі Гауһардың  әділдік іздеп, ашпаған есігі, баспаған босағасы қалмағанын, (оның ішінде Бас Прокуратураға үш рет) айтып өттік. Алдыңғы екі рет келгенде, әдептен озбай, сауатты күресіп жүрген келіншектің арызын қазақша айтқанда, ешкім пысқырмаған ғой. Дежурный жауап жазып, қоя салған. Үшінші келгенде, өзін өртемесе де, соған жетеқабыл  эмоциямен ашынып, Бас Прокуратурада шу шығарған. Бізде шуламаса, шулатпаса, таптап өте салатын, істі қалай болса, солай бұрмалай салатын әдіс бар емес пе? Әділдік барына кәдімгідей сеніп келген, ақырында тауы шағылып, күресуге күш-қуаты да қалмай, сансырап жүрген жандарды  көргенде, бәрінен түңіліп кетесің..

Қош, сонымен әбден ашынған адамның жанайқайынан нәтиже шығып, Бас Прокуроратура қызметкерлері істің мән-жайын толық тыңдап, түсінгенде, бастарын шайқап, істі Ақтөбеден алдыртады. Бас Прокуратурада жай мамандар емес, тәжірибелі, білікті заңгерлер істейді. Істі әбден зерттеп, сот шешімдері заңсыз шығарылған, Ерғалиев заңсыз сотталған деген ұйғарымға келеді. Бас Прокурорға баяндайды. Соның нәтижесінде Жоғарғы Сотқа Берік Асыловтың қолы қойылған ПРОТЕСТ дайындалады.
Дұрыс болды ғой, енді тәркіленген заңсыз тауарды өздері шағым түсіріп, облсотқа жазған аудан прокуроры, жойылуға жататын контрабандалық заттарды сатуға шешім шығарған облыстық сот судьясы, қала берді, тауарды сататын ЖШС-ны тауып берген әкімдік қызметкері, бастысы — 244 млн-ның затын қабылдап алып, мемлекеттік бюджетке бір тиын құймаған «Adele invest» ЖШС-н жауапқа тартатын шығар, өз өкілеттігі шегінде заң талаптарын орындаған тергеу басшысының ісі қайта қаралатын шығар деп үміттенген болатынбыз.
Бірінші сатыдағы сот пен апелляциялық алқаның қаулысында не жазылған, дәл сол ізден, сол негізден ауытқымаған Жоғарғы Сот Қаулысын оқығанда..айтар сөз қалмады..

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...