spot_img
spot_img

ӘДІЛЕТ ОРГАНЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ АУҚЫМДЫ

Жақында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және елдің заңға сәйкес өмір сүруі» тақырыбында брифинг өтті. Елдегі құқықтық әділеттілік саласын түсіндіруге бағытталған шарада Ақмола облысы әділет департаментінің өкілдері баяндама жасап, тақырып аясында журналистерге кеңінен мәлімет берді.

Брифинг барысында әділет органдарының құқықтық Қазақстанды қалыптастыру және дамыту жолындағы қызметі туралы кеңінен баяндалды. Әділет органдарының атқаратын қызметі «Әділет органдары туралы» заңмен реттеліп, халыққа қызметтің барлық түрі құқықтық салада жүзеге асырылатыны белгілі. Мәселен, биылғы бес айда аймақта сот орындаушылармен бірлесіп, барлығы 262 238 атқарушылық іс жүргізу құжаттары әділет органдары қызметіне тіркелген. Әділет департаменті басшысының орынбасары Медет Едрисовтың мәліметінше, өңір тұрғындарының арыз-шағымына сәйкес қазіргі уақытта сот орындаушылар бауыр еті баласынан безген безбүйрек ата-аналардан алимент өндіру ісімен көптеп айналысып жатыр. Сот шешіміне сәйкес тағайындалған алиментті уақытылы төлемегендерді әкімшілік және қылмыстық жазаға тарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі есеп бойынша Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының қолында тек алимент өндіруге қатысты 13 456 атқарушылық іс жүргізу құжаты бар. Оның 1143-і аяқталған. Әділет департаменті өкілдерінің мәліметінше дәл осы алимент өндіруде қарызын өтеуден жалтарған безбүйрек ата-аналардың қатары жыл санап өсіп келеді. Мұндай атқарушылық іс жүргізу құжаттарының қатары 1179-ға жетіп жығылған. Сондықтан жеке сот орындаушылары алимент қарыздарын өндіру бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуде. Әділет департаменті басшысы орынбасарының мәліметінше, тек жыл басынан бері ғана бауыр еті баласына жылдар бойы алимент төлемеген 96 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұнымен қоса, бес борышкер, Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ жеке сот орындаушылардың жүргізген арнайы бақылау жұмыстарының нәтижесінде 21 борышкер жүргізушілік құқығынан айырылған. Жеке сот орындаушылары палатасы алимент төлемейтін борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша төрт мәрте еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырған. Нәтижесінде жыл басынан бері ғана 12 борышкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ осындай жүйелі жұмыстың арқасында Ақмола облысы әділет департаметінің үйлестіруімен жеке сот орындаушылары кәмелет жасына толмаған балалардың пайдасына 98,9 миллион теңге сомасында алимент өндірген. Жеке сот орындаушылары алимент өндірумен қатар, мемлекет кірісіне айыппұлдар мен салықты өндіруге де баса назар аударып келеді. Жыл басынан бері 65 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу құжатын қозғаған сот орындаушылары мемлекет кірісіне 14 миллиард теңгеден астам қарызды өндіріп алғанын атап өткен жөн. Мұның ішінде 817 миллион теңгеден астам 10133 атқарушылық іс жүргізу құжаты толық көлемде орындалған. Сот орындаушылары уақытында жалақы төлемеген кәсіпорындар мен ұйымдардан да жалақы қарызын өндіруге барынша назар аударады. Жыл басынан бері 380 миллион теңгеден астам қарызды құрайтын 56 атқарушылық іс жүргізу құжаты болса, сот орындаушыларының белсенді жұмысының нәтижесінде 267 миллион теңгеден астам 28 атқарушылық іс жүргізу құжаты аяқталып, жұмысшылардың жалақылары қайтарылған. – Әділет органдарының аса маңызды міндеттерінің бірі азаматтарды білікті мамандардан конституциялық және кәсиби заң көмегін алу нормасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмысқа бізден басқа ведомстволық бағынысты ұйымдар да қатысады. Олар – нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және жеке практикамен айналысатын заңгерлер, – дейді Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Медет Едрисов. Сонымен қатар, аймақта өңірлік нотариаттық палата, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушылары палатасы, заң консультанттары палатасы жұмыс жасайды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі заңдық кеңестер белгілі бір уақыт аралығында тегін түрде де көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн. Мұнымен қоса әділет органдарында борышкерлердің қарыздары және оларға тағайындалған айыппұлдарды өндіру ісіне баса назар аударылады. Ведомство құрамына кіретін әділет органдарының мамандары жыл бойы құқықтық және заңнамалық түсіндіру жұмыстарын да тұрақты түрде жүргізіп отырады. Мәселен, жақында «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылып, облыстың әр қиырынан, тіпті шалғай ауылдардан келген тұрғындар әртүрлі құқықтық тақырыпта, оның ішінде әділетсіздікке тап болған адамдар да заңгерлерден тегін кеңес алуға мүмкіндік алды. – Азаматтардың жекелеген санаттарына тегін заң көмегі көрсетіледі. Жыл басынан бері ғана облыс аумағында барлығы 5404 азамат осындай игілікті пайдаланып, тегін заң көмегін алды, – дейді Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Әкімова. Ведомство өкілдері бұдан бөлек әділет органдарының қызметіндегі коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу, ресми құжаттарға апостиль қою, адвокаттық, нотариаттық қызмет және жеке сот орындаушылары қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау, сот шешіміне сәйкес өндіріп алушының өтініші негізінде мемлекеттік сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қозғау жөніндегі жұмыстардың барысы жайлы кеңірек баян етті. Қазіргі уақытта халыққа көрсетілетін аталған мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылып, қолжетімді және ашық болуы үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардан электронды түрде түскен өтініштерді қарауға, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген нормалар мен мерзімдерді сақтауға ерекше назар аударылады. Мәселен, азаматтардан өтініштер немесе шағымдар түскен жағдайда, нотариустарды, жеке сот орындаушыларды, коммерциялық заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша коммерциялық емес акционерлік қоғамды жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Егер құзырлы орган қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шара қарастырылады. Әділет органдары бұдан әрі де халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстарын белсенді түрде ұйымдастырмақ.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Объединяющий фактор народа

В последнее время у нас часто возникают споры о...

Нужна ли Казахстану АЭС?

Одна из самых обсуждаемых тем в стране, и Акмолинский...

Стабильная энергия – приоритет Правительства

В рамках рабочего визита в Мангистаускую область Премьер Министр...

К референдуму готовы

Как сообщил председатель территориальной избирательной комиссии г. Уральска Мухтар...

«Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмесі өтті

күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Польша Республикасының Бас...