Әділдіктің тірегі —  кәсіби біліктілік 

Уақыт ағымына орай заман талабы ма бүгінгі таңда соттарға сан сала бойынша арыздар өте көп түседі. Бұл дұрыс та шығар. Өйткені, әрбір азамат пен азаматшаға  конституциялық құқығын қорғауына шек қойылмаған. Оған Ата Заңымызда құқықтық мемлекет екендігіміз анық жазылғанын қосамыз. Сондықтан соттарды әкімшілік, экономикалық, т.б.  деп жалпы тоғызға бөліп, қарайтын істерін заңмен белгілеп, бекітіп берген. Соның ішінде аудандық соттардың кәсіби ауқымы кең, яғни аудандық сотта жеке азаматтарға қатысты қылмыстық, азаматтық әкімшілік істер кезегімен жеке-жеке қаралады. Талап арыз қай тілде түссе іс  сол тілде қаралады. Қажет болса аудармашымен қамтылады. Бірінші саты шешіміне, ұйғарымына, ұкіміне, қаулысына қанағаттанбай наразылық білдірген тарап, сол істі қараған аудандық сот арқылы екінші саты —  қалалық, облыстық апелляциялық сатыға, одан әрі кассациялық сатыға да жолдай алады. 

Енді кәсіби біліктілік туралы айтсақ, судьяның білімі мен тәжірибесі ерекше рөль  атқарады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдің Процестік  Кодексі негізінде төл міндетін атқаратын жаңадан құрылған бұл сот аудан, қала әкімдерінің қаулылары мен шешімдерінің заңдылығын анықтап, соған сәйкес әрекет етеді. Рас, сот алды тыңдауы, сот отырысында барлық мәселе, яғни талап арыз бойынша қойылған талапқа сай құжаттар толықтырылып, қаралатын істі анықтаудың маңызы зор. Бұл ретте судьяның әлеуеті, ары, әлбетте істі мұқият оқып, ерінбей қарауға құлшынуы өте мңызды. Талап арызда қандай да бір шешімнің күшін жойып, заңсыз деп тану және сол шешімге қарсы екінші шешімді заңды деп тану мәселесі қойылса судья сотқа арыз беру мерзімі өтіп кеткен деп ұйғарым шығаруы мүмкін. Заң баптарына сілтеме жасала отырып шығарылған ұйғарым апелляциялық сатыда күшінде қалтырылуы тағы мүмкін.Сондықтан талап арыз жазылғанда дәлелдер нақтылығы, қорғаушы табандылығы, әлбетте білімділігі мен тәжірибелілігін әркім әрқалай бағалар, ал әділеттілік  үлкен рөль атқарады. Осындай мәселелерді мұқият оқып, заңға сәйкестігін анықтау оңай емес, Шыны керек, «жұмыс уақыты аяқталды» деп судья бастаған ісін ертеңге қалтырмайды. Уақытпен санасу судьяға жат. Бастаған ісің ойыңнан шықпай қара қылды қақ жарып бере алсаңыз талапкер де, жауапкер де мойындап шешіміңізге қанағаттанса, тіпті риза болып қуанса еңбегіңіздің жанғаны, құдды иығыңыздан бір жүк түскендей сезінесіз. Ертесінде келесі іс кезегін тосып тұрады. Соттарға келіп түсіп тіркелген әрбір іс компьютер арқылы бөлінеді. Белгіленген уақыты тағы бар. Міне, бұл қатардағы судьяның төл міндеті болып жалғаса береді.

Бекболат Тажмұхан,

Наурызбай аудандық сотының судьясы,

 Алматы қаласы. 

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...