12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әділ қоғам-бейбіт заманның көрінісі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының өзінің білім беру және ғылыми зерттеу қызметі арқылы әлемнің үздік университеттері қатарына кіруге ұмтылып келеді. Университет халықаралық деңгейде көптеген маңызды мәселелерді шешуге белсенді қатысуда, соның ішінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) әр түрлі аспектілері бойынша жастар арасында ақпараттандыру және талқылау шараларын ұйымдастырып келеді. ТДМ 16 — «Тұрақтылықты нығайту және әділеттілікке қол жеткізу үшін құқықтық жүйелерді дамыту» тақырыбын кафедраның білім алушыларымен жақында талқылап, осы мақсаттың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы мақсаты әлемнің барлық елдерінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мақсат заңның үстемдігі мен әділдікке негізделген қоғам қалыптастыруды көздейді.Білім алушылар бұл тақырыпты талқылауда заң жүйесіндегі әділеттілік, адам құқықтарының қорғалуы, сыбайлас жемқорлықпен күрес және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстады. Құқықтық жүйелердің дамуы және әділеттілікке қол жеткізу үшін тек заңдар ғана емес, сондай-ақ оларды дұрыс орындау мен қоғамда заңға деген сенімділікті нығайту керек. ТДМ 16-ны жүзеге асыруда білім беру және ақпараттандыру, құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру маңызды рөл атқарады.Талқылау барысында студенттер  осы мәселеге қатысты пікірлерін білдіріп, әртүрлі аспектерді қарастырды. Студенттердің айтуынша, әділеттілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, қоғамның әр мүшесінің құқықтық сауаттылығына да байланысты.Білім алуышлардың пікірінше,заңдарды реформалау, әділеттілікті қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау шараларын күшейту үшін қажетті қадамдарды атап өтті. Олардың айтуынша, жастардың құқықтық білімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту ерекше маңызға ие. Оқытушылар мен студенттер, сонымен қатар, елдегі әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы қиындықтар мен мәселелерді, әсіресе заңды қорғау саласындағы жетілдіру қажеттіліктерін талқылады.

     Кафедра студенттері ТДМ 16 тақырыбын талқылай отырып, құқықтық жүйелердің дамуы, әділеттіліктің қамтамасыз етілуі және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығын түсінді. Олардың пікірінше, бұл мақсатты іске асыру үшін білім беру, қоғамдық құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және әділеттілікке негізделген заң жүйесін дамыту маңызды. Әрбір білім алушы  өз ұсыныстарын ортаға салып, еліміздегі құқықтық жүйені жетілдіруге және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заңдарды қабылдауға бағытталған қадамдарды қолдады.Бұл талқылау Тұрақты даму мақсаттарының 16 мақсаты бойынша өз білімдері мен көзқарастарын көрсетуге мүмкіндік берді және жастардың қоғамдағы әділеттілік пен құқықтық мәдениетті арттырудағы рөлін айқындады.Жоғарыда аталған мақсаттарды  жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлемдік қауымдастықта әділеттілік пен құқықтың үстемдігі жөнінен үлгі бола алады.

Турсынкулова Д.А 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к.

Қасымбек Әсемай 

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің магистранты

Әдеп кодексі – жоғары талап өлшемі

«Судья – бұл сөйлейтін заң, ал заң – мылқау...

Заңды білген зардап шекпейді

Құқықтық сауатты арттыру азаматтардың өзіне ғана емес, мемлекетке де...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қай мемлекетте, қай кезде болсын өзекті....

Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті

Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары...

«Әулие-Ата — кітап оқитын өңір»

Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» болып жариялануына...