12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әдеп кодексі жан-жақты жетілдірілген

Судьялардың әдеп кодексі сот қауымдастығы үшін басты құжаттардың
бірі саналады. Соған орай оның нормалары жетілдіріп отыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының съезі әрбір төрт жыл сайын
өтеді, биылғы қазан айына жоспарланып отырған IХ съезде өзгертіліп,
толықтырылған кодекс қабылданады.

Соған орай кодекс жобасы дайындалып, оны талқылауға судьялар қауымы
белсене атсалысты. Дегенмен, съезге дейін тың ұсыныстарды ортаға салу
мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн. Жаңа жобада отставкадағы және
жұмыстағы судьялардың, сондай-ақ, төрағалардың қызметте, қызметтен тыс
кезде этикалық нормаларды сақтау міндеттері одан әрі жетілдірілген.
Мұны жобаны дайындауда Халықаралық судьялар қауымдастығының
талаптары мен Біріккен ұлттар ұйымының әдеп нормалары, Еуропа Кеңесінің
стандарттары, сондай-ақ, Адам құқықтарының жалпыға бірдей
декларациясы, Банголор қағидаттарының жан-жақты басшылыққа
алынғанынан байқауға болады.
Соттар – қоғамның айнасы әрі олар барлық уақытта жұртшылық
назарында. Осы себепті, олардың кәсіби және адами тұрғыдағы
жауапкершіліктері мен бұл реттегі талаптарды саралап, жандандырып
отырудың маңызы зор.
Әдеп кодексінің жобасы судьяға антқа адал болып, қызметтік жағдайын
өзінің немесе басқалардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін заңсыз
пайдаланбау, ал сот төрағасы мен сот алқасының төрағасына өздері
тарапынан судьялар тәуелсіздігін шектейтін қандай да бір әрекетке жол
бермеу міндеттерін жүктейді. Сонымен бірге жаңа жобада соттар мен алқа
төрағаларына қатысты әдеп нормалары күшейтілген.
Қолданыстағы кодекстің 6-бабында «Судьяның кәсіби қызметі саяси
мақсатты көздейтін саяси партияда немесе қоғамдық бірлестікте мүше
болумен үйлеспейді. Ол осындай ұйымдарды қолдап жария сөз сөйлеуге,
олардың саяси өміріне қатыспауға тиіс» деп көрсетілсе, жаңа жобада
судьялардың бірлестікке қатысуы «Судья судьяның тәуелсіздігі мен
бейтараптығына нұқсан келтірмеу үшін қандай да бір саяси партияны жақтап
немесе оған қарсы сөйлемеуге, сондай-ақ, саяси себептерді қолдау
мақсатында қоғамдық қаражат жинауға қатысуға болмайды» деп кеңінен
өзгертілген.
Соттар қауымдастығының этикалық нормалардың бұзылуына ден қою,
қарау шаралары арнайы тараумен берілген. Яғни, судьялардың іс-әрекетіне
жеке және заңды тұлғалар, жалпы қоғам тарапынан берілетін шағымдарды
қарап, шара қабылдайтын жауапты органдардың, атап айтқанда, Судьялық
әдеп жөніндегі комиссия мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағы
орталық кеңесінің функциясы ұғынықты түрде бекітілген.
Еуропалық кеңестің Венециялық комиссиясы оң қорытынды берген жаңа
жоба судьялардың, жалпы сот саласының әдеп кодексінің нормаларын
пайдалануда бірегей тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік берері хақ.


Құралай Байоразова, Панфилов аудандық сотының судьясы,
ҚР Судьялар одағы ҚБ-нің Жетісу облысы
бойынша филиалы Кеңесінің мүшесі

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...