12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АҚТАУДА 200 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДА ТҰР

Ақтауда 265 балалар ойын алаңының 200-і апаттық жағдайда тұр. Шенеуніктер биыл ойын кешендерін жаңартамыз деп уәде етті. Алда тек 10 жаңа алаң ғана аулаларды абаттандыру тізіміне қосылған. Қала тұрғындары балалар алаңдарының тозығы жетіп, аса қауіпті екеніне алаңдаулы. Мәселенің екінші жағы да бар. Өткен жылы салынған жаңа алаңдар лезде жарамсыз болып қалды.
Ақтаудың дәл ортасындағы мына а алаңы шаһар тұрғызылғаннан бері бар. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін пайдалануға қауіпті құрылымдарға шамамен 50 жылға жуықтады. Мұнда ойнауға балаларда құлық жоқ, ересектерде үрей басым.
«5 немерем өсіп жатыр. Құлайды мына цементке, үзіліп темірлер, дәнекерленді. Балалар құлап жатады. Балаларымыздың алаңын жөндеп берсе сұрайтынымыз сол»,- Балжан Түлтібаева.
«Достарым да, мен де жарақат алдық. Бетімен құлап, мұпрындарын қанатқандар болды. Көбісі ойнағысы келмейді. Басқа полеге барсақ, үлкен балалар бізді қуып жібереді»,- деп мұңаяды Данияр.
Тұрғындар жергілікті биліктен бірнеше рет ескі құралдарды бөлшектеп, орнына заманауи, қауіпсіз балалар ойын алаңын орнатуды сұрады. Әзірге мәселе басы ашық күйі тұр.
Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлісмінің бас маманы Анвар Туляков:
-2021 жылға біз 10 балалар және 10 спорт алаңын орнатуды жоспарладық. Қаражатты нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде, орындалу мерзімі әлі анықталған жоқ. Тендер наурыз айында жарияланады.
Қалалық әкімдік өкілдері аталмыш алаң кестеге енгізілді деп мәлімдеді. Өткен жылы 60 жаңа балалар кешені пайдалануға берілді. Бірақ қазірдің өзінде кейбіреуі қирап қалған. Мәселен, 28 шағын аудандағы ойын кешені 6 ай бұрын орнатылған еді. Тұрғындардың өздері де мүлікке жанашырлықпен қарамайтын көрінеді. Енді әткеншектерді әдейі қирататындарды анықтап, жазаға тарту ұсынылып отыр. Өйткені осындай бір кешеннің құрны 10 млн. теңге тұрады.
Жазира Қуанышбекқызы

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...