Қаңтар оқиғасы: Прокуратура қаза тапқандардың санын айтты

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Біз қылмыстық қудалау органымыз ғой, жеке жұмыс істейміз. (…)  Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Мен қазір нақты санын айта алмаймын. (…)  Азаптаудан қайтыс болғандардың жеке тізімі бар, дәл қазір нақты саны есімде жоқ», — деді Шындалиев.

«Азаптаудан 6 адам, барлығы 238 адам қайтыс болды деген ақпарат бар. Рас па?», — деп сұрады журналист.

«Иә. Қаңтар оқиғасы кезінде 232, азаптаудан 6 адам қаза болды», — деп мойындады Бас прокурордың орынбасары.

Осылайша, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың ресми саны өсті. Сондай-ақ, Шындалиев құқық қорғау органдарында 15 адам күдікті деп танылғанын айтты.

«9 адам қамауға алынды. Сегіз адам — ​​ҰҚК қызметкері, біреуі полицей. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек ҰҚК мен полиция қызметкерлері бар», — деді ол.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.