12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың отбасына қашан және қандай өтемақы беріледі?

«Қаңтар оқиғасы» кезінде оқ тиіп қаза тапқан азаматтардың отбасына қашан, қандай көлемде өтемақы төленетіні белгісіз. Ал жаппай тәртіпсіздік кезінде жақындарынан айырылған кейбір жандар тіпті іске қатысты тергеудің басталмағанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “31” арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Ерлі-зайыпты Қуат Біткембаев пен Гүлзифа Құлсұлтанова отырған көлікке қарша оқ жаудырғандардың кім екені әлі анықталған жоқ. Бір күнде ата-анасынан айырылған балалары осы уақытқа дейін не билік өкілдерінен, не құзырлы органдардан бірде-бір жан келіп демеу болмады деп қапалы. Өзегі өртенген балалары анасының мойнында болған 1 жарым миллион теңге несиені кімнің өтейтінін білмей, өтініш жазып әлек боп жүр. 

“Анамда несие болған, сол жайлы өзіміз жүгіріп жүрміз. Бірақ жарты жыл өткеннен кейін ғана сөйлесеміз дейді ол туралы. Әкімшіліктен көмек көріп жатқан жоқпыз. Ешкім хабарласпаған, келмеген. Полицияға өзіміз барсақ, әлі қозғалмаған, арызымыз сол қалпы жатыр”, – деді кенже ұлы Дәурен Біткембаев.

7 қаңтар күні Нұрғалиевтер отбасы да қара жамылған. Бір көлікте Қайрат Нұрғалиев пен жұбайы Лаура және досы Андрей Карпиленко болған. Екі ер азамат қаза тауып, Лаура екі жерінен оқ тиіп, әрең аман қалған. 

“Қарапайым тұрғындарға ешқандай көмек жоқ. Мысалы, менің де, Қайраттың да несиесі бар, артында бір қызы қалды. Ешқандай көмек болып жатқан жоқ. Қайрат менің жалғыз асыраушым еді, артында анасы қалды”, – деді Қайрат Нұрғалиевтың жұбайы Лаура Нұрғалиева.

Дәл сол күні Талдықорғандағы тергеу изоляторына барар жолда тапа-тал түсте 27 жастағы Нұрлан Дәулетбайұлының басына оқ тиіп, қаза болды. Марқұмның артында етегі жасқа толып науқас анасы қалған. Асыраушысынан айырылған шеше баласының бірнеше банктен алған несиесін енді кімнің өтейтінін білмейді.

Ал осындай жағдайда жүрген отбасыларға қашан, қандай көлемде өтемақы төленетіні белгісіз. Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері антиреррорлық операцияның толық аяқталғанын күтіп отырмыз дейді.

“Қазір қалада антитеррорлық операция жүргізіліп жатыр, оның қорытындылары әлі бітпей, оларға төлемақы төлеу ерте деп санаймын. Тергеу істері болады, сол біткеннен кейін зардап шеккен бейбіт тұрғындардың төлемақысын төлеу туралы мәселе қаралады деп ойлаймын”, – деді Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов.

Басқарма басшының сөзінше, жұмыста жүріп жарақат алған қызметкерлердің 98 пайызына 400 миллион теңге өтемақы берілген. Ауыр жарақаты барларға 2 миллион, орташа халдегілерге 1 миллион, ал жеңіл жарақат алғандарға 500 мың теңгеден төленіпті.

Елімізде екінші нарықтағы үйдің құны шарықтады

Қазір мұндай баспаналардың шаршы метрінің орташа бағасы 567 мың теңгеге жеткен. Ал Алматыда тіпті 700 мың теңгеден асып кеткен.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мән-жайды айтты.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕМЕК

Елімізде құрылыс сапасы бақылау орындарының тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған Құрылыс кодексінің негізгі жаңалығы осы болып отыр.

На повестке – здоровье будущих поколений

ВОПРОСЫ ЗДОРОВЬЯ НАЦИИ, В ОСОБЕННОСТИ БУДУЩИХ ПОКОЛЕНИЙ, ВНОВЬ СТАЛИ ПРЕДМЕТОМ АКТИВНОЙ ПАРЛАМЕНТСКОЙ ДИСКУССИИ. ЧЛЕНЫ ДВУХ ПАРЛАМЕНТСКИХ ФРАКЦИЙ ВЫСТУПИЛИ С ДЕПУТАТСКИМИ ЗАПРОСАМИ, ЗАТРАГИВАЮЩИМИ ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ, ОТ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ РОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ С ТЯЖЕЛЫМИ ГЕНЕТИЧЕСКИМИ ПАТОЛОГИЯМИ ДО НЕОБХОДИМОСТИ ОГРАНИЧЕНИЯ ДОСТУПА ДЕТЕЙ К ВРЕДНЫМ ПИЩЕВЫМ ПРОДУКТАМ.

Елімізде екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Алайда министрлік қанша адам екі жерде жұмыс істейтінін қадағаламайды және бұған заң бойынша тыйым салынбайды.