Қаңтар оқиғасы: 83 адам бас бостандығынан айырылды

Қазақстандағы қаңтар оқиғасын тергеу барысында 83 адам нақты мерзімге сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдос Қилымжановтың айтуынша, арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке және 32 лаңкестік актісіне қатысты 53 қылмыстық істі тергеп жатыр. Еліміздің сегіз аймағында 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізілген. 4 мыңнан аса сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Алматы қаласы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында бұзақылық, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүлікті жою және лаңкестік актілер жасалды.

«қазір 349 күдікті қамауда. Олардың қарақшылық шабуылдарға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік нысандар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді қатысқаны сенімді түрде анықталды. Әрбір ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы туралы ақпарат жеткілікті. Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа барлығы 429 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 545 адам сотталды», — деп қорытындылады арнайы прокурор.

Бас прокуратура мәліметінше, нақты бас бостандығынан айыру жазасы 83 айыпталушыға тағайындалған.

«Олар билік өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау, бөтеннің мүлікін жоюға байланысты ауыр қылмыстар жасады, бұдан басқа, залалды өтемеді және өтелмеген соттылығы бар», — деді Қилымжанов.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...