12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде дін ұстанушы сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесіне Ақмола облысының Науан хазірет мешітінің наиб имамы Улан Шарипов келіп, дін ұстанушы сотталғандармен кездесті.

Облыстық «Ихсан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада дін ұстанушы сотталғандарға наиб имам Улан Шарипов, ислам дініндегі мұсылман бауырдың ақысы жайында дәріс оқыды.

Түзеу мекемесі әкімшілігінің айтуынша, осындай іс- шаралар өңірдегі Дін істері басқармасымен және теологиялық оңалту қызметін жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің теологтарымен, сондай- ақ психолог мамандармен тұрақты түрде өткізіледі. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бастап республикалық ақпараттық- талдау тобының теологтары өңірдегі түзеу мекемелеріндегі дін ұстанушы сотталғандармен бірнеше рет кездесулер өткізіп, сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Мұндай кездесулерді түзеу мекемелерінде жиі ұйымдастырудағы мақсат — терроризм және діни экстремизм идеологиясын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастардан арылту болып табылады.
Жалпы, Республикалық деңгейдегі теологтар мен имамдардың түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен кездесуі өз кезегінде жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттырып, діни көзқарастарының оң бағытта болуына көп септігін тигізеді»,- дейді №8 түзеу мекемесінің теологиялық оңалту жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Мейіржан Ешниязов.

Кездесу соңында түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер Науан хазірет мешітінің наиб имамы Улан Шариповке көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...