Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің жеке құрамының саптық даярлығы жүргізілді. Саптық даярлық барысында қызметкерлердің киім үлгісі, қызметтік куәліктері, жетондар және т.б. өзімен бірге жүруі тиіс керек- жарақтары тексерілді. Сонымен қатар, саптық сабақта қызметкерлердің саппен жүру, т.б. қызметтік міндеттері пысықталды.
«Айта кету керек, №8 түзеу мекемесінің жеке құрамымен осындай саптық сабақтар апта сайын «Полицей стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358 бұйрығының 7-тармағына сәйкес жүргізіледі», — дейдi №8 түзеу мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің кәсіби даярлығы бойынша аға инспекторы Изат Нугманов.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД