Ақтөбеде пенитенциарлы жүйеде жұмыс жасайтын психологтарды қолдайтын «Балинт тобы» құрылды

«Matrix Coworking» орталығының мәжіліс залында ұйымдастырылған: Ақтөбеде ең алғаш рет жүзеге асқан «Балинт тобының» бірінші отырысында мүшелікке Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын психолог мамандар және пробация бөлімдерінің психолог мамандары, сонымен қатар өңірдегі «Ақниет» ақпараттық- насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының психологы Ляззат Надиршина қабылданды.

Мамандардың айтуынша, «Балинт тобы» — пенитенциарлы жүйеде сотталғандармен жұмыс жасайтын психологтарды «эмоционалды күйзелістен» қорғау жолдары немесе оның белгілерін азайтуға бағытталған жұмыстар, қызметкерлердің тәжірибе алмаса отырып өсуі және т.б. жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында құрылған.

«Балинт тобы» — бұл медицина, психология, педагогика және әлеуметтік саладағы мамандарға эмоционалды шиеленісті, кәсіби стрессті азайтуға және эмоционалды күйзелісті болдырмауға көмектесетін тиімді технология болып табылады. Пенитенциарлы жүйеде жұмыс жасайтын психолог мамандар сотталғандармен жұмыс жасау қиындаған кезде орын алып жатқан қиын жағдайларды осы «Балинт тобында» еркін түрде ортаға ұсынып, талқылап, өзі секілді әріптестерімен тәжірибе алмасады.
Психологтармен құрылған «Балинт тобының» негізгі мақсаттары:
-эмоционалды күйзеліс синдромының алдын алу;
-кәсіби тұлғааралық қарым-қатынаста дағдылар мен құзыреттілікті арттыру;

  • психологтың клиентпен кәсіби қарым-қатынасын тежейтін жеке мәселелерді түсіну;
  • алқалық қолдау және қиын жағдайларды бірлесіп зерттеу арқылы мамандардың психикалық жағдайын жақсарту;
  • тәжірибені дамыту және маманның өмір сапасын арттыру;
  • клиенттің мәселелерін және онымен күрделі қарым-қатынастың себептерін түсінуді жақсарту, яғни шешімдерді іздеу,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының аға иснпекторы Нұргүл Жумагулова.

Айта кету керек, аталған «Балинт тобының» қатысушылары, яғни пенитенциарлы жүйеде сотталғандармен жұмыс атқарып келетін психологтары қоғамдық ұйымдардың психолог мамандарымен ай сайын кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...